MNU Logo
Құқық және жасанды интеллект: MNU-да заңгерлік білімнің болашағы талқыланды - MNU

09.06.2026

Құқық және жасанды интеллект: MNU-да заңгерлік білімнің болашағы талқыланды

Maqsut Narikbayev University-де Құқық жоғары мектебі Бизнес кеңесінің жыл сайынғы отырысы өтті. Қатысушылар заңгерлік білімді трансформациялау және құқықтық тәжірибеге ЖИ технологияларын енгізу мәселелерін талқылады.

Іс-шараға университет басшылығы, оқытушылар, серіктестер, сондай-ақ бизнес пен заң қоғамдастығының өкілдері қатысты. Қатысушыларға оқу жылының қорытындысы мен жаңа білім беру бастамалары таныстырылды. MNU Басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары Сергей Пен білім беру бағдарламаларын трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

«Біздің міндетіміз – күрделі пәнаралық міндеттерді шешу дағдыларын, құқық пен технологияны бірдей сенімді меңгерген жаңа буын мамандарын қалыптастыру. Жасанды интеллект заңгерді алмастырмайды, бірақ оның рөлін өзгертеді. Сондықтан бүгінде тек кәсіби білімді ғана емес, сонымен қатар сыни ойлауды, бейімделуді және тез өзгеріп жатқан әлемде шешім қабылдау қабілетін дамыту маңызды», – деді Сергей Пен.

Отырыс барысында іргелі заң дайындығын заманауи технологиялық құзыреттермен үйлестіретін «Құқық» жаңа білім беру бағдарламасытаныстырылды. Бағдарлама цифрлық құқықты зерделеуге, заңгер жұмысында ЖИ құралдарын қолдануға, құқықтық салада цифрлық жобаларды жүзеге асыруға және деректермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған пәндер мен практикалық модульдерді қамтиды. Отырысқа қатысушылар заманауи еңбек нарығы түлектерден терең құқықтық білімді ғана емес, цифрлық құралдармен жұмыс істеу, деректерді талдау және кәсіби қызметте ЖИ шешімдерді пайдалану дағдыларын да талап ететінін атап өтті.

«Жасанды интеллект құқықтық тәжірибені ғана емес, мамандарды даярлауға қойылатын талаптарды да өзгертуде. Қазірдің өзінде жұмыс берушілер мықты құқықтық даярлықты техникалық дағдылармен, бағдарламалауды түсінумен, логикамен, деректерді талдаумен және цифрлық құралдармен үйлестіретін мамандарды жиі іздейді. Университеттер үшін бұл заңгерлік білімді қайта ойластыру қажеттігін білдіреді. Тек сауатты заңгерлерді ғана емес, сонымен қатар жаңа технологиялық ортада жұмыс істеуге, этика мәселелерін түсінуге, деректер негізінде шешім қабылдауға және ЖИ жүйелермен тиімді өзара іс-қимыл жасауға қабілетті кәсіпқойларды да даярлау қажет», – деді «ADL Disputes» заң фирмасының серіктесі Мұхит Елеуов.

Бизнес-кеңес мүшелері өз қызметінде ЖИ шешімдерді енгізу тәжірибесімен бөлісті. MNU Құқық жоғары мектебінің деканы Ольга Бектібаева«AI Law» жаңа магистрлік бағдарламасын таныстырды. Бұдан басқа Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен бірлескен «Зияткерлік меншік және бизнес құқығы» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері ұсынылды.

Отырыс барысында оқытудың практикаға бағдарлануына ерекше назар аударылды. Кәсіби қоғамдастық өкілдері міндетті ойын сот процестерін дамытуды, студенттердің мансаптық даярлығын күшейтуді, соттар, мемлекеттік органдар, заң фирмалары және корпоративтік секторда практиканы кеңейтуді қолдады. Мұндай тәсіл болашақ заңгерлерге оқыту кезінде нақты кәсіби тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін MNU-да білім беру бағдарламаларын трансформациялау мәселесі талқыланды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз