Maqsut Narikbayev University-де басшылықтың профессорлық-оқытушылық құраммен кездесуі өтті. Қатысушылар білім беру бағдарламаларын трансформациялау мәселелерін талқылады.
Провост Анар Ибраева өткізілген академиялық жұмыстың қорытындысымен бөлісіп, оқытушыларды оқу жылының табысты аяқталуымен құттықтады. Оның айтуынша, өткен кезеңде академиялық процестерді бірыңғайландыру жүргізілді, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрамның әдістемелік құзыреті күшейтілді. Бұдан басқа, студенттер арасында кітап оқу мәдениетін дамыту бойынша жобалар жүзеге асырылды және оқу пәндерінің мазмұнына жасанды интеллект компоненттері енгізілді.
Сонымен қатар MNU Басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары Сергей Пен еңбек нарығының заманауи талаптары мен ЖИ-дің дамуын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жүйелі түрде трансформациялау қажеттігін атап өтті. Жаңа оқу жылында «Artifical Intelligence and Frontier Systems: AI + X», «Құқық», «Жасанды интеллектіні қолданумен бухгалтерлік есеп саласындағы бизнес әкімшілендіру», «Лингвистика (TESOL) және аудармадағы технологиялар» және «Туризм мен қонақжайлылық индустриясын басқару» мамандықтары іске қосылады. Сондай-ақ, ЖИ компоненттерді жауапкершілікпен пайдалану қағидатын ескере отырып, білім беру бағдарламаларына енгізу күшейеді.
Кездесу барысында академиялық даярлық пен нақты кәсіптік практиканы тұрақты кезектестіруге негізделген практикалық-бағдарланған оқыту моделін іске асыруға ерекше назар аударылды. Бұл тәсіл студенттердің алынған білімді нақты жағдайларда қолдану мен құзыреттілікті дамыту және кейіннен талдау үшін университет пен индустрия арасында тұрақты орын ауыстыруын көздейді. Оқыту моделі пилоттық режимде Халықаралық журналистика мектебінде жүзеге асырылады.
Айта кетейік, кездесу білім беру процесінде жаңа тәсілдерді қолдануды талқылаумен аяқталды.





