Maqsut Narikbayev University-де түлектердің жыл сайынғы кездесуі өтті. Іс-шара жоғары оқу орнын 2016 жылы бітірген түлектердің 10 жылдық мерейтойына орайластырылды.
Кездесу түрлі саланың мамандарын біріктірді. Іс-шараға қатысушылар жаңартылған кампуспен танысып, университеттегі инфрақұрылымдық өзгерістерге жоғары баға берді. MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев түлектерді 10 жылдық мерейтойымен құттықтап, олардың университеттің мақтанышы екеніне тоқталды.
Бұған дейін жүргізілген сауалнамаға сәйкес, 2016 жылғы түлектер құқық пен бизнес салаларында және мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі компаниялардың директорлары, бөлім басшылары және бас мамандар қызметтерін атқарады. Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі университеттегі оқу мен қазіргі әлеуметтік мәртебе арасындағы тікелей байланысты атап өтті.
Іс-шара барысында түлектер өздерінің жетістіктерімен бөлісті. Сондай-ақ оларға MNU-да өткізілетін вайб-кодингке бағытталған жасанды интеллект бойынша курсында тегін оқуға сертификаттар табыс етілді. Сонымен қатар шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.
Айта кетейік, MNU түлектермен белсенді байланыс орнатуды жалғастыруда және бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруда.








