MNU Logo
MNU ғалым-заңгерлері жаңа Конституцияның алдағы күшіне енуін талқылады - MNU

29.06.2026

MNU ғалым-заңгерлері жаңа Конституцияның алдағы күшіне енуін талқылады

Maqsut Narikbayev University ғалым-заңгерлері жаңа Ата заңның алдағы күшіне енуін талқылады. Жоғары оқу орнында заң қоғамдастығы өкілдеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара жаңа Конституцияның негізгі ережелерін, оның мемлекеттік басқару мен құқықтық тәртіптің жаңа архитектурасын қалыптастырудағы маңызын, конституциялық реформаны іске асырудағы заң қоғамдастығының рөлін талқылауға бағытталды. Дөңгелек үстел аясында жаңа конституциялық институттарды қалыптастыру, парламенттік ашықтықты дамыту және мемлекеттік басқаруға қоғамның қатысуы, сондай-ақ конституциялық-құқықтық мәдениетті нығайту мәселелері қаралды. Ғалым-заңгерлер Ата заңның ережелерін түсіндірудің маңыздылығын атап өтті.

«Қазіргі уақытта біздің университеттің бірқатар профессорлары азаматтардың конституциялық-құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын қалыптастыруы бойынша кешенді бағдарламаны әзірлеуге қатысуда. Біздің алдымызда азаматтарды Конституцияның ережелері туралы дәстүрлі ақпараттандырудан оның құндылықтары мен практикалық мәнін терең түсінуді қалыптастыруға көшу міндеті тұр. Бұл құжат жұмыстың білім беру, ғылыми, ақпараттық және қоғамдық бағыттарын біріктіретін жүйелік құралына айналуы тиіс», – деді MNU Конституциялық және саяси зерттеулер институтының директоры Әлия Оразбаева.

Іс-шара барысында университеттің бірқатар профессорлары баяндама жасады. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша сарапшылық талқылау өтті. Қатысушылар жаңа Ата заңды іске асырудың практикалық аспектілерін, оның ұлттық құқықтық жүйенің одан әрі дамуына, заңнаманы жетілдіруге және құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға әсерін талқылады.

Айта кетейік, жаңа Конституция 2026 жылдың 1 шілдесінде күшіне енеді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз