MNU Logo
Ольга Бектібаева MNU Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды - MNU

21.09.2026

Ольга Бектібаева MNU Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Ольга Бектібаева Maqsut Narikbayev University (MNU) Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Жаңа лауазымда ол университеттің Даму стратегиясының жүзеге асырылуы мен HR бағытына жетекшілік ететін болады.

Ольга Бектібаева Maqsut Narikbayev University-дің құқықтану бойынша бакалавриаты, магистратурасы және докторантурасын үздік бітірген. Құқық саласындағы философия (PhD) докторы. Ол университетте 2009 жылдан бері қызмет етеді.

Ольга Бектібаева еңбек жолын жоғары оқу орнының Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы ретінде бастады. Одан әрі Бөлімнің бас маманы қызметін атқарды, Коммерциялық жобаларды құқықтық қамтамасыз ету бөлімін басқарды, Қылмыстық-процестік зерттеулер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, бас ғылыми қызметкері болды. Сонымен қатар Құқық жоғары мектебі Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, Құқық жоғары мектебі деканының орынбасары, ал 2019 жылғы 30 желтоқсаннан бастап Құқық жоғары мектебінің деканы қызметін атқарды.

Ольга Бектібаева қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерін меңгерген. Құқық және заңнама саласындағы 30-дан астам ғылыми жарияланымның авторы, ҚР Парламенті жанындағы заң жобалары бойынша бірнеше жұмыс тобының мүшесі. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» ведомстволық төсбелгінің иегері.

Maqsut Narikbayev University Ольга Сергеевнаны тағайындалуымен құттықтайды және қызметіне табыс тілейді!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз