Maqsut Narikbayev University-де (MNU) Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі 9-шы Еуразиялық форум өтті. Университеттердің басшылары цифрлық трансформация мәселелерін талқылады.
MNU тағы бір мәрте жоғары білім беру жүйесі өкілдерінің және сапаны қамтамасыз ету саласындағы мамандардың кәсіби диалог алаңына айналды. Еуразиялық форум Қазақстан, Әзербайжан, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 200-ден астам сарапшыларың біріктірді. Іс-шара Білім сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі тәуелсіз агенттігі (IQAA) және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен (ҒЖБМ) бірлесіп ұйымдастырылды.
Дискуссияның басты тақырыбы жасанды интеллект және жоғары білім беруді цифрландыру болды. Қатысушылар технологияның қарқынды дамуы білім беру процесін, бағалау тәсілдері мен академиялық қызметті қалай өзгертетінін, сондай-ақ цифрлық трансформация жағдайында сапаның жоғары стандарттарын сақтау үшін қандай шешімдер қажет екенін талқылады. ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Әділет Тойбаев отандық жоғары білім беру жүйесі бүгінде цифрлық технологияларды дамытуға және генеративті ЖИ-ді енгізуге байланысты ауқымды өзгерістерден өтіп жатқанын атап өтті.

«Генеративті жасанды интеллект пен іргелі академиялық құндылықтар арасындағы тепе-теңдікті іздеу жоғары білім үшін ерекше маңызға ие. Қазақстанда бүгінде жаһандық цифрлық процестерді ұстанып қана қоймай, академиялық еркіндік, әдеп пен жауапкершілікке негізделген әлемге ашық заманауи университеттің өзіндік үлгісін қалыптастыруға да мүмкіндігі бар», – деді Әділет Тойбаев.
Форумға қатысушылар цифрлық трансформация жоғары білім сапасына көзқарасты қайта қарауды талап ететінін атап өтті. MNU Провосты Анар Ибраева университеттің бірыңғай экожүйесін құрудағы жекелеген цифрлық сервистердің құндылығын атап өтті. Университет өз инфрақұрылымын дамытып, жаңа білім беру мүмкіндіктерін әзірлеп, цифрлық шешімдерді жүйелі түрде енгізуде.

«Біздің университет әрқашан академиялық сапаны арттыруға бағытталған процеске қатысады, өйткені бұл біздің басымдықтарымыздың бірі. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы біз үшін жай ғана сын-қатер емес, күнделікті жұмыстың бір бөлігіне айналды. Бүгінде біз өзіміздің цифрлық өнімдерімізді дамытып жатырмыз, сондай-ақ жасанды интеллектті құқықпен, қаржымен, журналистикамен, бизнеспен және зерттеу қызметімен біріктіретін AI + X жаңа мамандығын іске қостық», – деді Анар Ибраева.
Айта кетейік, іс-шара жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз етуге цифрландыру мен жасанды интеллекттің ықпалы жағдайында шешімдер әзірлеудің маңыздылығын айқындады.




