Maqsut Narikbayev University барлық MNU мектептерінің оқытушыларына арналған «Active Learning in Large Classes» семинарын ұйымдастырды.
Семинар 14 қараша күні сағат 16:00-ден 18:40-қа дейін 403-аудиторияда өтті. Спикерлер — MNU провосты (ректоры) Сергей Пен және қонақ дәріскер Хенк Френкен. Ілеспе аудармамен өткен іс-шарада қатысушылар белсенді оқыту стратегияларымен және оларды үлкен аудиторияларда тиімді қолданудың практикалық тәсілдерімен танысты.
Іс-шара оқытушылардың кәсіби білімін жетілдіру және дағдыларын дамыту арқылы ЦУР 4-ке үлес қосады.
