MNU Logo
MNU-да болашақ «Заңғар заңгерлер» анықталды - MNU

24.10.2026

MNU-да болашақ «Заңғар заңгерлер» анықталды

11 қазақстандық жоғары оқу орнының студенттері екінші «Заңғар заңгер» конкурсына қатысты. Зияткерлік байқау Республика күніне орай Maqsut Narikbayev University-де өтті.

Іс-шара Қазақстанның жеті қаласынан келген заң факультеттерінің студенттерін біріктірді. Байқау заң саласында қазақ тілін қолдануды кеңейтуге және студенттердің тілдік құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Жүлде қоры 600 мың теңгені құрады.

«Байқау Республика күні мен еліміздегі жасампаздық пен дамудың жеті жылына орай арнайы ұйымдастырылды. Өткен жылы байқауға еліміздің тоғыз жоғары оқу орны қатысты, ал енді 11 университеттен келген студенттер бақ сынасты. «Заңғар заңгер» білімді, сөзге жүйрік, дәлелге берік жастарды біріктіретін дәстүрлі алаңға айналатынына сенімдімін», – деді MNU Провосты Анар Ибраева.

Байқау барысында студенттер құқық саласындағы тәжірибелік кейстерді шешіп, мемлекеттік тілдегі заң мәтіндеріндегі қателіктер мен алшақтықтарды анықтап, заңдық талдау дағдыларын көрсетті. Олардың жұмысын белгілі заңгерлер мен қазақ тілін насихаттау саласындағы сарапшылар бағалады. Байқаудың серіктестері Астана қаласының адвокаттар алқасының адвокаттары, MNU түлектері Айдар Советбеков пен Абылай Жұмажанов болды.

«Қазақ тілін заң шығару процесінде қолдану өзекті мәселе. Өйткені, бұл заман талабы. Мемлекеттің тілдің деңгейін көтеру мақсатында осындай іс-шараларды қолдау қажет деп есептеймін. Сайысқа қатысқан студенттердің дайындығы жақсы», – деді Айдар Советбеков.

Байқау қорытындысы бойынша SDU University (Қаскелең қ.) командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің студенттері (Қарағанды қ.), ал қола жүлдені М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің өкілдері (Шымкент қ.) иеленді. Байқауға қатысушыларды сондай-ақ Құрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов құттықтады.

«Заңғар заңгер» байқауының маңыздылығы өте жоғары. Бүгінде бізде қазақ тіліндегі терминология мен заңнаманы жетілдіру мәселесі бар. Құрылтайда заңдарды жазғанда бірінші кезекте мемлекетті тілде дұрыс жазу өте маңызды. Maqsut Narikbayev University заң бағыты бойынша ең үздік университеттердің бірі екенін біз жақсы білеміз. Мемлекет басшысы берген тапсырмалар мен бағыттары осы жоғары оқу орнында жүзеге асып жатқанын көріп отырмыз», – деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, ең жоғары нәтижені МNU студенттері де көрсетті. Университет командасы байқау қожайындары ретінде бағдарламадан тыс қатысты.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз