Maqsut Narikbayev University-де вайб-кодинг негіздері бойынша практикалық курс жалғасуда. Оқудан ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қызметкерлері өтті.
Курс ведомство қызметкерлеріне вайб-кодинг негіздерін игеруге және нақты міндеттер үшін дербес цифрлық құралдар әзірлеуге мүмкіндік берді. Екі күндік оқу барысында қатысушылар үлкен деректер массивін талдау, платформалар жасау және жұмыс процестерін автоматтандыруды меңгерді. Курсты MNU Жасанды интеллектіні енгізу тобының мамандары жүргізді, ал қорытындысы бойынша барлығына сертификаттар табысталды.
Айта кетейік, бұған дейін университетте Құрылтай депутаттары мен Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері вайб-кодинг негіздері бойынша оқудан өткен болатын.








