Тура бір аптадан кейін Maqsut Narikbayev University студенттер қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтеді. Жоғары оқу орнының басты шарасын 19 қараша күні елордалық Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы қабылдайды.
Бұл кеште бірінші курс студенттері MNU студенті антын беріп, құрметті қонақтардан, сондай-ақ университет басшылығы, оқытушылар мен қызметкерлерден құттықтаулар алады. Сонымен қатар студенттер залда Қазақстанның және MNU-дың ең үлкен туларын жаяды.
Кештің басты оқиғасы – университет жоғары мектептерінің дәстүрлі сайысы. Студенттік командалар өздерінің әлеуметтік жобаларын таныстырып, берілген тақырыпта театрландырылған қойылым көрсетеді. Бірінші курс студенттері өнер көрсетуге жоғары курс студенттерінің жетекшілігімен екі ай дайындалады. Қойылымдарды мемлекеттік органдар, әлеуметтік және қайырымдылық ұйымдар, шығармашылық және т.б. сала өкілдерінен тұратын тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды.

Жоғары мектептер сайысы. 30 жылға жуық тарихы бар дәстүр
Алғашқы студенттер қатарына қабылдау рәсімі 1994 жылы 8 қараша күні Алматы қаласында М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында өткен. Алайда мектептер (факультеттер) арасындағы сайыс 1997 жылдан бастау алады және дода нәтижесінде университеттің Фемидасы анықталатын.
Фемида – құрметті атақ және студенттік өзін-өзі басқарудың дәстүрлі символы, сондай-ақ университеттің бет-бейнесі. Фемида 1997 мен 2019 жыл арасында таңдалды. Cайыс қорытындысы бойынша топ жарған Фемиданың мектебі (факультеті) студенттер қатарына қабылдау рәсімінің рәсімінің жеңімпазы атанатын. 2013 жылдан бастап жеңімпаздарға студенттер қатарына қабылдау додасының ауыспалы кубогы табысталады.
Құқық жоғары мектебі: болашақ заңгерлер көп мәрте жеңіске жеткен (1997-2013 және 2017-2018 жылдары). Сондай-ақ 2 жыл бұрын жоғарғы мектеп студенттері университеттің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған арнайы онжылдықтың кубогын иеленді.
Халықаралық экономика мектебі: бұл мектептің студенттері алғаш рет 2005 жылы сахнаға шықты. Олар кубоктың қазіргі иегерлері және сегіз дүркін студенттер қатарына қабылдау додасының чемпиондары (2014-2016, 2019, 2022-2025 жылдары).
Жоғары гуманитарлық мектебі: гуманитарлық мамандықтар студенттері 2003 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді, алайда жоғарғы мектеп ретінде алғаш рет 5 жыл бұрын сахнаға шықты. 2021 жылғы дебюттік қойылымда олар топ жарып, әзірге мектеп тарихындағы жалғыз жеңісін тойлады.
Халықаралық журналистика мектебі: болашақ журналистер алғаш рет екі жыл бұрын сайысқа түсті. Өткен жылы олардың қойылымы MNU Басқарма төрағасының назарына ілігіп, жоғары мектепке арнайы жүлде табысталған болатын.

2026 жылғы іс-шараның тақырыбы қандай?
Студенттер қатарына қабылдау рәсімі жыл сайын белгілі бір тақырып аясында өтеді, ол кештің атмосферасын әсерлі етіп, барлық қатысушыларды біріктіреді. Сондай-ақ жоғары мектептер өз қойылымдарын сол тақырыпқа сай құрады.
Биылғы жылдың жыл тақырыбы – «Кітап оқитын ұлт». Студенттер өздерінің қойылымдарында оқу мәдениетін дамыту маңыздылығы мен әдебиетті қолдау туралы айтады.
MNU Студенттер қатарына қабылдау. Хедлайнерлер және еліміздің басты сахналары
Студенттердің басты мерекесіне қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысып, әрдайым жылы лебіздерін білдіреді. Әр жылдары сахнада «Ирина Кайратовна», «Дос-Мұқасан», Дастан Оразбеков, Sadraddin, Ringo, Orda, Yenlik, Sadraddin және басқа да әртістер өнер көрсеткен болатын. 2026 жылдың хедлайнерлері – Ninety One және Қайрат Нұртас.
MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі дәстүрлі түрде елорданың үздік сахналарында өтеді. Бұрын іс-шара «Қазақстан» ОКЗ, Конгресс-холл және Бейбітшілік және келісім сарайында өткізілетін. Бесінші жыл қатарынан университеттің басты іс-шарасы 5000 көрерменге арналған Ж. Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өтеді.
Өткен жылы студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өткені туралы осы сілтеме арқылы оқуға болады.