MNU Logo
Legal Graph: БҰҰ-да құқықтық саланы цифрландыру бойынша MNU жобасы таныстырылды - MNU

16.11.2026

Legal Graph: БҰҰ-да құқықтық саланы цифрландыру бойынша MNU жобасы таныстырылды

Швейцарияда AI-Quryltai цифрлық парламенттік платформасы таныстырылды. Іс-шара барысында Maqsut Narikbayev University мен IT by Design компаниясының ЖИ-ді пайдалана отырып, құқықтық саланы цифрландыруға бағытталған Legal Graph бірлескен жобасы ұсынылды.

Отандық цифрлық шешімдердің таныстырылымы Женевадағы Ұлттар Сарайында өтті. Қазақстандық делегация құрамына Құрылтайдың Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмедиев, «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Қаныш Төлеушин, MNU Басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары Сергей Пен, Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Әлия Оспанова және басқа да сарапшылар енді. Іс-шараға дипломаттар, Парламентаралық одақ пен академиялық қауымдастық өкілдері қатысты.

Қатысушыларға Құрылтайдың үш жылдық ЖИ стратегиясы, e-Quryltai интеграцияланған цифрлық парламенттік платформасы және заң шығару қызметінде ЖИ-ді қолдану бағыттары таныстырылды. Стратегияға сәйкес, AI-Quryltai цифрлық процестер, парламенттік деректер, құқықтық білім және зияткерлік сервистерді бірыңғай қорғалған ортада біріктіре отырып, e-Quryltai жобасының дамуының келесі кезеңі болады. Әзірленіп жатқан құралдар ЖИ-ді қолдану есебінен депутаттар жұмысының тиімділігін арттыруға, деректер мен азаматтардың өтініштерін талдауға, аналитикалық материалдарын дайындауға және заң жобаларын әзірлеуді сүйемелдеуге мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында Сергей Пен қатысушыларды Legal Graph жобасының жүзеге асырылу барысымен таныстырды. Әзiрлеу заңнаманы талдау, түсiндiру және қолдану үшiн мүмкiндiктердi қамтамасыз ете отырып, заңнамалық нормаларды құрылымдалған заң бiлiмiне айналдыруға бағытталған. Сонымен қатар жоба құқықтық қайшылықтарды анықтауды және құқықтық бағалауды қолдауды көздейді.

Айта кетейік, Ұлттар Сарайындағы таныстырылым халықаралық аудиторияға Қазақстанның цифрлық технологиялар, қорғалған инфрақұрылым мен адам бақылауын үйлестіруге негізделген парламенттік қызметте ЖИ-ді пайдалануға деген көзқарасын көрсетті.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз