Tengrinews.kz-тің шәкіртақы иегерлерінің есімдері анықталды Tengrinews.kz - MNU

Tengrinews.kz-тің шәкіртақы иегерлерінің есімдері анықталды Tengrinews.kz

31.01.2024

Tengrinews.kz-тің бірінші шәкіртақы иегерлері MNU Халықаралық журналистика мектебінде анықталды!

«Журналистика: аналитика және зерттеу» және «Халықаралық журналистика» мамандықтарының 2 және 3 курс студенттері Купбаева Анэля, Алшоразова Диана және Тұрарбек Жайне Tengrinews.kz атынан шәкіртақы иегерлері атанды.

Естеріңізге сала кетейік, шәкіртақы конкурсы 2023 жылдың қараша айында Alash Media Group пен Maqsut Narikbayev University арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жарияланған болатын.

Жеңімпаздар академиялық үлгерімді, шығармашылық қабілеттер мен мотивацияны ескеретін конкурс нәтижелері бойынша таңдалды.

Стипендиядан басқа, студенттер Alash Media Group жобаларында өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады. Бұл университетте алған білімдерін тәжірибеде қолдануға және кәсіби журналистикада алғашқы қадамдар жасауға бірегей мүмкіндік.

2023 жылдың қыркүйегінде ашылған MNU Халықаралық журналистика мектебі қазірдің өзінде 200-ге жуық талантты студенттерді біріктірді. Еліміздің жетекші медиахолдингтерімен әріптестік біздің түлектерімізге кең перспективалар ашады.