Меруерт Шалбаева, беделді «Студенттік Оскар» сыйлығының жартылай финалисті және Беркли түлегі, Халықаралық журналистика мектебінде білім беру бағдарламаларын басқаратын болады. Оның Қазақстандық БАҚ-тағы бес жылдық тәжірибесі және әлемдік жетекші басылымдар мен киноиндустриядағы тағылымдамасы біздің студенттер үшін жаңа ой өрісін ашатыны сөзсіз.
Ол 2021-2023 жылдар аралығында Калифорния университетінде (Беркли) Журналистика мамандығы бойынша магистратураны тәмәмдаған. АҚШ-та The New York Times, Boston Globe, Poynter, Tampa Bay Times сияқты ұйымдарда, сондай-ақ Францияда AFP (Agence France-Presse), RFI (Radio France Internationale), France TV-да тағылымдамадан өткен.
Меруерт АҚШ-тағы оқу кезеңінде американдық деректі киноиндустрия әлеміне еніп үлгерді және студенттік Оскардың (The Student Academy Awards) жартылай финалына енген «Сурфактант» қысқаметражды деректі фильмін түсірді.
Меруертке шығармашылық табыс және оның жұмысына сәттілік тілейміз!