ХЖМ-ның Республикалық олимпиадада жеңісі! - MNU

ХЖМ-ның Республикалық олимпиадада жеңісі!

26.04.2024

MNU Халықаралық журналистика мектебінің студенттер тобы 25-26 сәуірде Алматы қаласында өткен «Журналистика» Республикалық олимпиадасында жеңіске жетті. Іс-шара жыл сайын Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізіледі.

Бірінші турда студенттер журналистік мәтін жазу дағдыларын көрсетті, екінші турда кейс талдады, ал соңында өз бетінше сюжет түсіріп, монтаждау қажет болды.

Бұл қажырлы еңбекке, ұйқысыз түндерге және мақсатқа ұмтылуға толы жол болды. Алма Сайлауқызы бастаған қатысушылар тобы барлық күш-жігері мен білімдерін әр материалға, әр мақалаға, әр сұхбатқа жұмсады. Digital Editing бойынша оқытушы Дәулет Амановқа шығармашылық монтаждау дағдылары үшін ерекше алғыс.

Бұл студенттер командасының жеңісі ғана емес, сонымен қатар біздің бүкіл мектептің және Maqsut Narikbayev University-дің жеңісі!