ҚР Президенті ТРК басшысы Раушан Қажыбаева ХЖМ студенттеріне дәріс өткізді - MNU

ҚР Президенті ТРК басшысы Раушан Қажыбаева ХЖМ студенттеріне дәріс өткізді

06.05.2024

Бүгін Maqsut Narikbayev University-де Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің Бас директоры Раушан Қажыбаеваның дәрісі өтті. Өз сөзінде ол журналистика саласындағы құнды білімі мен тәжірибесімен бөлісті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын ашық қоюға және пікірталасқа белсенді қатысуға мүмкіндік алды.

2023 жылдың маусым айында ҚР Президенті Телерадиокешені мен Maqsut Narikbayev University арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. ТРК-мен ынтымақтастық жылы ішінде бірқатар маңызды жобалар іске асырылды.

Қыркүйек айында Меморандум аясында Қазақстандағы алғашқы Халықаралық журналистика мектебі ашылды. Сонымен қатар, Президент ТРК-мен бірлесіп, Біздің университетте Франция президенті Эмманюэль Макронмен дәріс ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, MNU-да жетекші әлемдік БАҚ-пен “Al Jazeera-мен бір апта” өтті, оның аясында Халықаралық журналистика мектебінің студенттері шақырылған мамандардың бірқатар тренингтеріне қатысып, Al Jazeera-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Айта кететін жайт, ҚР Президентінің Телерадиокешені мен “Дара” қайырымдылық қорынан Халықаралық журналистика мектебіне 20 білім гранты бөлінді.