7М04208 «Құқық IT» білім беру бағдарламасының мақсаты:
Киберқауіпсіздік, деректерді қорғау, криминалистика және АТ өнімдерін реттеу саласындағы соңғы тақырыптарды қамтитын практикалық дағдыларды қарқынды дамыту.
Бағдарлама артықшылықтары:
— мамандандырылған білім, дағдылар және құзыреттер саласы;
— тәжірибеге бағытталған курстар;
— табысты жұмысқа орналасуға арналған кең мүмкіндіктер;
— Legal IT, киберқауіпсіздік саласындағы үздік тәжірибешілерді, практик-заңгерлерді, шетелдік компаниялар мен жоғары оқу орындарының мамандарын оқытуға тарту.
LO-1 – ұлттық заңнамаға сәйкес жағдайларды кәсіби және құзыретті түрде қарастыру және шешу;
LO-2 – қолданыстағы заңнамадағы мүмкін құқықтық перспективалар мен тенденцияларды талдау;
LO-3 – әдістемелік тәсілмен дербес және автономды зерттеулер жүргізу;
LO-4 – азаматтық айналым мен кәсіпкерлік саласындағы цифрлық өнімдерді реттеуде құқықтық білімдерді пайдалану;
LO-5 – ақпараттық технологиялар контекстінде дербес деректерді қорғау стандарттарын қолдану және олардың бұзылуын дұрыс анықтау;
LO-6 – ақпараттық технологиялар саласындағы оқиғалар туралы цифрлық дәлелдерді және басқа да тиісті деректерді жинау үрдісін жүзеге асыру;
LO-7 – электрондық коммерция, цифрлық өнімдерге зияткерлік меншік және оларды пайдаланудан туындайтын деликтілік міндеттемелер саласында бұзылған құқықтарды іс жүзінде қалпына келтіру;
LO-8 – электрондық коммерция, цифрлық өнімдерге зияткерлік меншік және оларды пайдаланудан туындайтын деликтілік міндеттемелер саласында бұзылған құқықтарды қалпына келтіру құралдарын меңгеру;
LO-9 – коммуникативті байланыстарды құру және қолдау, бизнес-процестерді ұйымдастыру және жеке және топтық психологиялық ерекшеліктерді ескеру қабілетіне ие болу.
«Құқық IT» білім беру бағдарламасының бірегейлігі – құқықтық және технологиялық бағыттарының сәтті үйлесімінде. Атап айтқанда, магистранттар IT-технологиялар саласының құқықтық қамтамасыз етілуімен ғана емес, қарастырылатын аспектілердің инженерлік негіздерімен де танысу мүмкіндігіне ие. Осы мақсатқа жету үшін бағдарлама шартты түрде екі бөлікке бөлінген. Міндетті пәндер циклында құқықтық курстар («IT өнімдерінің құқықтық табиғаты», «Жеке деректер және цифрлық бақылау») және техникалық бағыттағы курстар («Цифрлық жүйелер мен желілер») ұсынылған.
«Құқық IT» магистратура бағдарламасын тиісті білімі, халықаралық тәжірибесі және ғылыми дәрежелері бар профессорлық оқытушылық құрам жүзеге асырады.
Ағымдағы оқу жылында «Құқық IT» бағдарламасын 12 оқытушы қолдайды, олардың ішінде 1-еуі ғылым докторы, 8-і – PhD/құқықтану ғылымдарының кандидаты, 3-еуі – ғылым магистрлері. Білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми дәрежелі оқытушылардың үлесі 75%-ды құрайды.
Дәреже | Саны | Штаттық ПОҚ пайызы |
Ғылым докторы | 1 | 8% |
PhD /Ғылым кандидаты | 8 | 67% |
Магистр | 3 | 25% |
Барлығы | 12 | 100% |
№ | Т.А.Ә. | «Құқық IT» бағдарламасы бойынша пән атауы | Қызмет түрі | Дәрежесі, лауазымы |
1 | Дидикин Антон Борисович | Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ғылыми зерттеу әдістемесі | Штат | Ф.ғ.д.,
з.ғ.к., Associate Professor |
2 | Ибраева А.Б. | Заңгерлерге арналған қолданбалы ағылшын тілі | Штат | PhD,
Teaching Professor |
3 | Самекин А.С. | Менеджмент және басқару психологиясы | Толық емес жұмыс күні | PhD,
Assistant Professor |
4 | Апсаттаров Ержан | Сандық жүйе және желілер | Штат | Магистр, Senior Lecturer |
5 | Жумабеков Амангельды | IT өнімдерінің құқықтық табиғаты | Штат | Магистр, Senior Lecturer |
6 | Лозовая О.В. | Жеке деректер және сандық бақылау | Штат | PhD,
Teaching Professor |
7 | Жумабеков Амангельды | Цифрлық өнімдерді құқықтық қорғау | Штат | Магистр, Senior Lecturer |
8 | Тегизбекова Ж.Ч.,
Абай Абылайулы |
Интернет құқығы және жеке өмір | Штат
Штат |
З.ғ.к.,
Teaching Professor
PhD, Adjunct Assistant Professor |
9 | Тегизбекова Ж.Ч. | Киберқауіпсіздік | Штат | З.ғ.к.,
Teaching Professor |
10 | Перов В.В.,
Пен С.Г. |
Цифрлық
криминалистика |
Толық емес жұмыс күні
Штат |
Магистр, Senior Lecturer
З.ғ.к., доцент |
11 | Хасенов М.Х. | IT стартаптарын қолдау | Штат | PhD,
Associate Professor |
12 | Абай Абылайулы
Ешниязов Н.С. |
Электрондық коммерция | Штат | PhD,
Assistant Professor
PhD, Assistant Professor |
Оқытуды жүзеге асыратын 12 оқытушының екеуі өздері дәріс беретін салада белсенді түрде практикалық қызмет атқаратын мамандар болып табылады.
Виталий Перов – University of Washington (АҚШ), Professional and Continuing Education факультетінің түлегі; кибершабуылдарды зерттеу және тергеу орталығының сарапшысы, АКТ саласында 20 жылдан астам корпоративтік клиенттерге кеңес беру және қолдау көрсету тәжірибесі бар маман. Сондай-ақ, IT-операциялар және IT саласындағы стратегиялық шешімдер қабылдау, IT басқару, қызметтерді басқару, жобаларды басқару мәселелері бойынша кеңес береді. Қорғалған IT инфрақұрылымын бұзу үшін қолданылатын киберқауіптер мен тактикалар туралы терең білімі бар, OSINT құралдарын, цифрлық криминалистика және әлеуметтік медиа платформаларын пайдалану арқылы толыққанды зерттеулер, тергеулер жүргізу тәжірибесі бар.
Жұмабеков Амангелді – Digital Pax компаниясының бас атқарушы директоры әрі құрылтайшысы. Digital Pax – бұл сайттарды, веб-қосымшаларды, мобильді қосымшаларды, автоматтандыру жүйелерін құру, дайын шешімдерді енгізу, бизнес-процестерді автоматтандыру және IT-жобаларды іске асыру бойынша құқықтық консалтинг саласында өзін нарықта танытқан IT-компания.
Практиктер бинарлық негізде де тартылуда. Мысалы, «Менеджмент және психология басқару» курсында кейбір практикалық бағыттағы тақырыптар бойынша бинарлық сабақтарға тұрақты қонақ дәріскер ретінде Самат Панов тартылады. Самат Панов – «Marketing Partners» ЖШС-нің негізін қалаушы, директоры, бизнес-тренер, Астана қаласы, Toastmasters International «Competent Communicator Gold» сертификатының иегері.