Құқық Жоғары мектебі – бұл Қазақстан Республикасындағы заң білімі цитаделі әрі Maqsut Narikbayev University-дің ең мықты мектебі болып есептеледі. ҚЖМ бітірген түлектер әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік мекемелерде елдің ар-намысы мен абыройын асқақтатуда.
Швейцарияда AI-Quryltai цифрлық парламенттік платформасы таныстырылды. Іс-шара барысында Maqsut Narikbayev University мен IT by Design компаниясының ЖИ-ді пайдалана отырып, құқықтық саланы цифрландыруға бағытталған Legal Graph бірлескен жобасы ұсынылды. Отандық цифрлық шешімдердің таныстырылымы Женевадағы Ұлттар Сарайында өтті. Қазақстандық делегация құрамына Құрылтайдың Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмедиев, «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Қаныш Төлеушин, MNU […]
Maqsut Narikbayev University-де Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының (HCCH) Бас хатшысы Кристоф Бернаскони болды. Жоғары оқу орны басшылығы және профессорларымен кездесу барысында ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды. Тараптар Гаага конференциясының бастамаларын жүзеге асыру және отандық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты. Кристоф Бернаскони Қазақстандағы халықаралық жеке құқықты реформалау процесінде жеке сараптамалық және консультативтік қолдау көрсетуге […]
Maqsut Narikbayev University 2026-2027 оқу жылының көктемгі семестріне Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг университетінде (Германия) Erasmus+ бағдарламасы бойынша орындарға конкурс жариялайды. Конкурсқа «Құқықтану» және «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламаларының студенттері қатыса алады. Іріктеу критерийлері: • GPA деңгейі – кемінде 3.0; • ағылшын тілін меңгеру деңгейі – кемінде B2 (IELTS/TOEFL халықаралық сертификаттары қабылданады). Өтінім берудің соңғы мерзімі: […]
В Maqsut Narikbayev University прошла гостевая лекция председателя Суда Международного финансового центра «Астана» Лорда Бернетта Мэлдонского. Он рассказал студентам об особенностях работы суда и его роли в разрешении международных споров. В ходе лекции были рассмотрены ключевые аспекты беспристрастности судебной власти, юрисдикция Суда МФЦА и подходы к рассмотрению споров в международном деловом контексте. Особое внимание уделено […]
MNU-Құқық саласындағы озық білімді қалыптастыру және Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін дамыту және нығайту үшін жоғары білікті кадрларды даярлайды. “Сапалы және қолжетімді білім бере отырып, адамдарға қызмет ету” миссиясын іске асыруда – Жоғары Құқық Мектебі инновациялық, құзыреттілікке бағдарланған білім беру және зерттеу қызметіне өз үлесін қосуда.
Жоғары Құқық Мектебі-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік-құқықтық дамуына елеулі үлес қосатын заңгерлердің қазіргі заманғы буынын даярлаудағы көшбасшы. Біз академиялық және кәсіби қоғамдастық, сондай-ақ жалпы қоғам алдындағы жауапкершілігіміздің жоғары дәрежесін түсінеміз.
Бәсекелестік құқық магистрлік бағдарламасының басты мақсаты коммерциялық практиканың әртүрлі нысандарын жүзеге асыруда заңдылықты қамтамасыз ету саласында құзыреті бар маманның жаңа моделін қалыптастыру, мысалы: картельдік келісімдер; үйлестірілген қарсы-бәсекелестік әрекеттер; үстем компаниялардың мінез-құлқы; бірігу және сіңіру.
ТолығырақЗияткерлік меншік және бизнес құқық бағдарламасының мақсаты – бизнесті жүргізу кезінде зияткерлік меншікті қорғау құзыретіне ие маманның жаңа моделін қалыптастыру.
ТолығырақХалықаралық құқық магистрлік бағдарламасы студенттерге халықаралық жария және жеке құқықтың жекелеген салалары мен салалары бойынша оларды кәсіби практикалық қызмет шеңберінде қолданбалы пайдалануды көздейтін осы саладағы жаңа үрдістерді ескере отырып, терең білім беру болып табылады.
ТолығырақҚұқық IT (7М04208) магистрлік бағдарламасы құқықтық және технологиялық бағыттарының сәтті үйлесімі.
ТолығырақҚұқықтану магистрлік бағдарламасы студенттерге құқықтық этика, құқық әдіснамасы, кейстерді практикалық шешу және өзіндік зерттеу жұмысы саласында кәсіби білім береді.
ТолығырақҚұқық саласындағы PhD бағдарламасы дербес ғылыми зерттеулер жүргізуге және республикада ғылымның дамуына елеулі үлес қосуға қабілетті ұлттық құқық саласындағы ғылыми кадрларды даярлауға бағытталған.
ТолығырақАкадемиялық ұтқырлық студенттерді академиялық кезеңге шетелдік серіктес ЖОО-да оқытуды көздейді. Бағдарламаға қатысу - бұл шетелдік ЖОО-да оқу тәжірибесін және бір мезгілде шетелде тұру тәжірибесін алу мүмкіндігі.
ЖҚМ эдвайзерлер кеңсесі білім алушыларды оқыту кезіндегі ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультациялық жұмыстарды жүргізеді, Жоғары Құқық Мектебінің академиялық саясаты шеңберінде білім алушылардың академиялық мүдделеріне өкілдік етеді және оған жеке оқу жоспарын құруға немесе түзетуге жәрдемдеседі
Құқық жоғары мектебінің Академиялық сапа комитеті («АСК») – оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен үйлестіруді жетілдіруге бағытталған, тұрақты жұмыс істейтін тәуелсіз алқалы орган болып табылады. АСК-ның негізгі міндеті – білім беру сапасын бақылау және Жоғары мектептерінің академиялық сапа комитеттері туралы қағидасында көзделген өкілеттіктер шегінде академиялық мәселелерді қарау. АСК білім беру бағдарламалары мен оқу үдерістерінің академиялық саясатқа, Университет стандарттарына және заңнаманың талаптарына сәйкестігін мониторингтеуді жүзеге асырады, білім алушылардың өтініштерін қарайды және білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.
Ольга Сергеевна Бектибаева, Ph.D., ҚЖМ Директоры (деканы)
Аширбекова Куралай Болатбековна, құқық магистрі, ҚЖМ Эдвайзерлер кеңсесінің жетекшісі
Горстка Ольга Михайловна, құқық магистрі, ҚЖМ Директорының орынбасары, Teaching Professor
Лозовая Ольга Васильевна, PhD, ҚЖМ Директорының орынбасары, Teaching Professor
Құқық жоғары мектебінің Этика комитеті – академиялық ортада академиялық адалдық мәдениетін, корпоративтік этиканы, өзара құрмет пен сенімді қамтамасыз етуге және дамытуға бағытталған алқалы консультативтік-кеңесші орган. Комитет академиялық адалдық қағидаттары мен корпоративтік этика нормаларының бұзылуы туралы өтініштерді қарайды, осындай жағдайларды қарау тәжірибесін талдайды, білім алушыларға, оқытушыларға және жұмыскерлерге ұсынымдар мен түсіндірмелер дайындайды, сондай-ақ Құқық жоғары мектебінде академиялық мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.
Құқық жоғары мектебінің Этика комитетінің корпоративтік поштасы: kpe_law@kazguu.kz
Комитет төрағасы: Наурызбай Айгүл Жұмағалиқызы,
a_nauryzbay@mnu.kz, 5-қабат, 510-кабинет.
Комитет хатшысы: Сандыбаева Гүлмира Яделовна,
Sandybayeva_G@mnu.kz, 5-қабат, 510-кабинет.
Дауыс бермейтін мүшелер:
Құқық жоғары мектебінің ғылым жөніндегі комитеті («ҒЖК») ғылыми-зерттеу қызметін басқаратын тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады. ҒЖК-ның негізгі міндеті Құқық жоғары мектебінің ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрам, магистранттар мен докторанттардың ғылыми жұмыстарының тиімділігін арттыру болып табылады. ҒЖК ғылыми жарияланымдар мен ғылыми дәйексөздерге мониторинг жүргізеді, ғылыми-зерттеу қызметін оқу үдерісімен интеграциялауға жәрдемдеседі, академиялық адалдық пен ғылыми этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ білім алушыларды зерттеу қызметіне тартуға жәрдемдеседі.
Maqsut Narikbayev University Құқық жоғары мектебі жанындағы Заң клиникасы – көмекке мұқтаж барлық адамдарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған əлеуметтік жауапты жоба.
Біздің жұмысымыз өзара пайда қағидатына негізделген. Студенттер адамдарға құқықтық мəселелерді түсінуге жəне өз мүдделерін қорғауға көмектеседі, сондай-ақ құқықтық ағарту жұмысын жүргізіп, қоғамның құқықтық мəдениетін арттыруға үлес қосады. Өз кезегінде əрбір өтініш студенттерге нақты тəжірибе береді: бұл білімді нақты істерде қолдану, кəсіби дағдыларды дамыту жəне мамандықтағы алғашқы қадамдарды жасау мүмкіндігі.
Біздің студенттер:
Барлық кеңестер тегін жəне офлайн да, онлайн да форматта өтеді. Студенттер тəжірибелі заңгер-оқытушылардың жетекшілігімен жұмыс істейді.
Барлық сұрақтар бойынша: r_malkov@kazguu.kz