MNU Logo

Психология

Бағдарлама мектебі:
Жоғары Гуманитарлық мектеп

Сипаттама

«6B03107-ПСИХОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР БАКАЛАВРЫ

 

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

«Психология» бағдарламасы психологиялық зерттеулердің заманауи әдістерін, диагностиканы, сондай-ақ жеке тұлғалар мен топтарға ықпал етуді меңгерген әлеуметтік, танымдық және кеңес беру психологиясы саласындағы жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.

 

Бағдарлама түлектері психология саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін де, психологиялық көмек көрсету бойынша практикалық жұмыстарды да жүргізе алады. Білім алушылар: «КПТ», «Бренд-талдау», «HR-талдау», «Құқықтық психология» және «Мінез-құлықтың қолданбалы талдауы» сияқты  бағыттар бойынша қосымша мамандануды (минорды) игере алады.

 

Бiлiм беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бiлiм беру стандарттарының, сондай-ақ заманауи нарық пен жұмыс берушiлер талаптарының негiзiнде құрастырылған.

7004, 7004, PSIHOLOGIYA, psihologiya.pdf, 820071, https://mnu.kz/storage/2024/02/psihologiya.pdf, https://mnu.kz/kk-kz/educational/psychology/psihologiya-2/, , 3, , , psihologiya-2, inherit, 4411, 2024-07-30 09:40:04, 2024-07-30 09:40:04, 0, application/pdf, application, pdf, https://mnu.kz/lib/images/media/document.png

Бағдарлама құрылымы

«Психология» бағдарламасы халықаралық және отандық үздік тәжірибелерді және еңбек нарығындағы психология бойынша сала мамандарына қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып әзірленді. Бағдарлама жұмыс берушілер мен практикалық психология саласындағы мамандардан тұратын Жоғары Гуманитарлық Мектебі Іскерлік кеңесінің аттестациясынан өтті.

 

Бағдарлама кредиттік технология талаптарына сәйкес 4 жылға есептелген толық және 3 жылға есептелген қысқартылған бакалаврларды даярлаудағы оқудың күндізгі нысаны болып табылады. Оқуды 4 жыл ішінде аяқтау үшін білім алушы 248 академиялық кредитті меңгеруі тиіс.

 

Білім берудің бұл нысаны орта білім базасында оқуға түсушілерге ұсынылады. Колледжден кейін оқуға түсушілер (орта кәсіптік білім базасында) 184 академиялық кредитті игеріп, 3 жылдан кейін оқуды аяқтау мүмкіндігіне ие болады. Әрбір білім алушының жеке оқыту траекториясын құру мүмкіндігі бар. Курстардың мазмұны туралы толық ақпаратты Жоғары Гуманитарлық Мектебінің академиялық каталогінен табуға болады.

 

 

Оқу нәтижелері

Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін түлектер:

  • белгісіздік жағдайында кәсіби қызмет барысында ақпараттың толықтығын талдау және тексеру;
  • заманауи технологияларды қолдану арқылы тиісті ақпаратты іздеу, таңдау, талдау және өңдей отырып, ғылыми және кәсіби міндеттерді шешу үшін себеп-салдарлық байланыстарды құру;
  • кәсіби міндеттерді шешу үшін психологияның түрлі салаларынан (жас ерекшелігі, танымдық, әлеуметтік, клиникалық, дифференциалдық және т.б.) алған білімін қолдану;
  • кәсіби өзара әрекеттің мақсаттары мен жағдайына негізделген қарым-қатынасты сауатты құру;
  • өз кәсiби қызметiн нормативтiк, этикалық және кәсiби нормалар тұрғысынан қабылдау, түсiну және сыни бағалау;
  • қойылған мақсатқа сүйене отырып, тиісті әдістерді/тәсілдерді қолданып, жағдайдың, адамның және топтың психологиялық ерекшеліктерін бағалап, диагностикалық қорытынды қалыптастырау;
  • кеңес берудiң негiзгi қағидаттарын, ережелерiн қолдану, кеңес беру кезеңiн тиiмдi жүргiзу, оның iшiнде байланыс орнату және қолдау көрсету, деректер жинау, сұрау салуды қалыптастыру, кеңес беру бойынша шешiм қабылдау, оның нәтижелерiне әсер ету және қорытындылау;
  • жұмыстың мақсаты мен сұранысқа сәйкес клиентпен/топпен жұмыс істеу тәсілдерін психологияның әртүрлі салаларынан таңдау және қолдану;
  • психологиялық ықпалдың қажеттілігін анықтау, оны жоспарлау және жүзеге асыру, тиімділігін өлшеу;
  • әртүрлі этиологияның психологиялық бұзылулармен жұмыс істеу барысында түзету-психологиялық іс-шараларын жүргізу;
  • адам ресурстарын басқару, әлеуметтік желілер мен маркетинг саласында психологиялық іс-шараларды іске асыру, сондай-ақ құқықтану мен психология қиылысындағы мәселелерді шешу сияқты білім, білік дағдыларын үйренеді.

 

 

ҚОСЫМША МАМАНДАНДЫРУ

Білім беру бағдарламасының артықшылықтарының бірі қосымша мамандану мүмкіндігі болып табылады, бұл білім алушылар үшін  жұмысқа орналасу аясын кеңейтеді.

Жоғары Гуманитарлық Мектебі қосымша мынадай мамандануларды ұсынады (minor/майноры):

  1. «Когнитивтік мінез-құлық терапиясы»;
  2. «Мінез-құлықтың қолданбалы талдауы»;
    «HR-талдау»;
  3. «BRAND-талдаушы»;
  4. «Құқықтық психология».

 

 

Мамандану (minor/майнор):

  • қосымша талаптары бар: GPA, оқытылатын пәндердің алғышарттарының/пререквизиттерінің болуы және т.б.);
  • бірізді оқытылған бірнеше пәндерден тұрады;
  • сертификатталған дербес бағдарлама ретінде ұсынылуы мүмкін (тыңдаушылардың түрлі санаттарына);
  • пәндер әртүрлі академиялық кезеңдерде біртіндеп оқытылады («жинақтау жүйесі»), бірақ сертификат алу үшін бірізділік сақталады;
  • білім алушы мектептің академиялық каталогінен өз бетінше таңдайды;
  • білім беру бағдарламасы шеңберінде (майнорлық пәндер бойынша кредиттер негізгі бағдарламаның 240 ECTS кіреді) және/немесе негізгі білім беру бағдарламасына қосымша оқытылуы мүмкін;
  • Курсты аяқтағаннан кейін білім алушы сертификаттық бағдарламаны аяқтағаны туралы сертификат алады.

 

Негізгі білім беру бағдарламасы шеңберінде екі майнордан аспайтын пәндерді оқуға рұқсат етіледі. Егер білім алушы екіден артық майнорды меңгергісі келсе, ЖГМ Академиялық сапа комитетіне өтініш білдіре алады.

 

Сертификаттау бағдарламасын аяқтауға қойылатын талаптар сақталмаған жағдайда сертификат берілмейді.

 

Сертификаттау бағдарламалары бойынша оқу мерзімі 5 жылдан аспайды.

 

Сертификатталған бағдарлама шеңберінде оқытылған пәндер бойынша кредиттер тіркелген сәттен бастап 5 жыл ішінде КАЗГЮУ университетінің білім беру бағдарламасының оқу жоспары аясында қайта есепке алынуы мүмкін. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін осы пән бойынша қорытынды баға жарамсыз деп танылады және білім алушы осы пән бойынша кредит алу үшін оны қайтадан оқуы тиіс.

 

 

КМT (Когнитивтік мінез-құлық терапиясы) сертификаттау бағдарламасы

Майнорлық бағдарлама танымдық мінез-құлық терапиясының практикалық және теориялық негізгі курсы болып табылады. Оқыту процесінде бағдарламаға қатысушылар теориялық білім алып және  мінез-құлық пен танымдық психологияның әдіснамасы мен негізін меңгеріп қана қоймай, танымдық-мінез-құлықтық психотерапияның қазіргі арсеналынан негізгі практикалық дағдыларды және осы салаға кіретін жұмыс түрлері мен әдістерін меңгере алады.

 

Бағдарламаның мақсаты – ойлау мен мінез-құлықтың дисфункционалдық паттерні себебінен туындаған психологиялық бұзылулармен жұмыс істеуге бағытталған түзету- психологиялық іс-шараларын тиімді жүзеге асыруға қабілетті КМТ саласындағы құзыретті мамандарды даярлау болып табылады.

 

Курсты аяқтаған соң студенттер:

  • танымдық-мінез-құлық парадигмасында жұмыс істеу дағдыларын меңгеру үшін қажетті теориялық білім алады;
  • қойылған мақсатқа негізделген тиісті тәсілдерді қолдана отырып, адамның мінез-құлық ерекшеліктерін бағалауда КМТ-терапевтің негізгі дағдыларын дамытады;
  • танымдық-мінез-құлықтық әдіс шеңберінде клиенттің жағдайын талдау қабілетін қалыптастырады;
  • танымдық-мінез-құлықтық тәсіл шеңберінде кеңес жүргізу үшін әдіснамалық құралдарды қолданады;
  • дисфункционалдық наным-сенімдерге және клиенттің автоматты ойлауына талдау жасауды, дисфункционалдық наным-сенімдерге бейімделген жауаптарды табуды үйренеді.

 

 

Сертификаттау бағдарламасын аяқтауға қойылатын талаптар:

  • 25 академиялық кредиттер;
  • Ең кем дегенде GPA 2.67 болуы
Код БАҒДАРЛАМА Кредиттердің саны Тілі
Міндетті пәндер  
OKPT 2211  КМТ негіздері 5 орыс/қаз
KRDU 3213 Деструктивті нанымдарды концептуализациялау және қайта құрылымдау 5 орыс/қаз
KPTTD 4309 КМТ мазасыздану және депрессия 5 орыс/қаз
Элективті пәндер орыс/қаз
REPT 3312 РЭПТ 5 орыс/қаз
TPO 4319 Қабылдау және жауапкершілік терапиясы 5 орыс/қаз
БАРЛЫҒЫ 25  

 

 

 

«Мінез-құлықтың қолданбалы талдауы» СЕРТИФИКАТТАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бұл бағдарлама клиенттердің мінез-құлықтарын талдау және оны (мінез-құлықты) өзгертудің тиімді әдістерін, оның ішінде танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаны қажетті тәсілмен өзгерту дағдыларын меңгерген психологты оқытуға бағытталған.

 

Бағдарламаның мақсаты – аутизм спектрі бұзылған адамдармен ғана емес, сондай-ақ ұйым қызметкерлерімен жұмыс істеуге, кез келген балаларды оқытуға, корпоративтік басқаруға бағытталған түзеу-психологиялық іс-шараларды тиімді жүзеге асыруға қабілетті қолданбалы мінез-құлықты талдау саласындағы құзыретті мамандарды кәсіби деңгейде даярлау.

 

Курсты аяқтағаннан кейін студенттер:

  • аномальды даму ерекшеліктері саласындағы негізгі білімді қамтитын және АВА терапиясы бағытында жұмыс істеу дағдыларын меңгеру үшін қажетті теориялық базисті оқып үйренеді;
  • мақсатқа негізделген тиісті әдістерді қолдана отырып, баланың/адамның мінез-құлық ерекшеліктерін бағалаудың негізгі дағдыларын қалыптастырады;
  • АВА терапиясында даму және мінез-құлық деңгейін бағалауға дағдыланады;
  • қолданбалы мінез-құлық талдауы шеңберінде дамудың жеке бағдарламаларын іске асыру қабілетін қалыптастырады;
  • қолданбалы мінез-құлықты талдау әдістерін қолдана отырып, инклюзивті орта құру дағдыларын дамытады.

 

 

 

Сертификаттау бағдарламасын аяқтауға қойылатын талаптар:

  • 30 академиялық кредит;
  • Кем дегенде GPA 2.67 болуы

 

Код БАҒДАРЛАМА Кредиттердің саны Тілі
Элективті пәндер  
KrP 3215 Түзеу психологиясы M1 5 орыс/қаз
OL 3216 Логопедия негіздері M1 5 орыс/қаз
OPA 3217 Мінез-құлық талдауының негіздері M1 5 орыс/қаз
OURP 3218 АВА терапиясындағы даму және мінез-құлық деңгейін бағалау М1 5 орыс/қаз
MIP 4219 Мінез-құлықты өзгерту әдістері M1 5 орыс/қаз
PABAT 4220 АВА терапиясы бойынша практикум M1 5 орыс/қаз
БАРЛЫҒЫ 30  

 

 

 

«HR-талдау» СЕРТИФИКАТТАЛҒАН  БАҒДАРЛАМАСЫ

Бұл бағдарлама ұжымды басқарудың теориялық және практикалық негіздерін, адамдарға әсер ету әдістерін білетін және басқарушылық шешімдер қабылдайтын; кадрларды сауатты таңдауға және бағалауға қабілетті; қызметкерді басқару мен HR деректер базасын талдауда, әлеуметтік зерттеулерде құзыретті; басқару кеңесін  жүргізе  алатын  дағдыға ие мамандарды даярлауға бағытталған.

 

Бағдарлама мақсаты – қызметкерлерді іріктеу және бағалау, HR мен әлеуметтік зерттеулердің мәліметтерін талдау, сондай-ақ басқару бойынша кеңес беру дағдысына ие ұйым ұжымын басқаруға бағытталған психологиялық қызметті тиімді жүзеге асыруға қабілетті, HR-талдау саласында  құзыретті мамандарды кәсіби даярлау.

 

Курсты аяқтаған соң студент:

  • басқару қызметін, ұйымның құрылымын және ондағы адами капиталды басқару саласындағы басқарушылық шешімдердің тиімділігін талдауды;
  • ұйымдағы түрлі процестерді талдау кезінде психологиялық тетіктерді қолдануды;
  • жалпы ұйымда, атап айтқанда кадрлық жұмыста инновацияларды әзірлеуді және енгізуді басқару әдістерін қолдануды;
  • кадрларды іріктеу және бағалау құралдарын таңдау және пайдалану, диагностикалық қорытындылар мен ұсынымдар жасауды;
  • HR және әлеуметтік зерттеулердегі деректер жиынтығын зерттеу, деректерді өңдеудің әртүрлі әдістерін қолдануды;
  • басқарушылық консалтингтің заманауи модельдерін талдауды;
  • ұйымдағы басқару тетіктерін талдау және түзету әдістерін қолдануды;
  • ұйымдастыру мәдениеті мен басқару стилін түзету әдістерін енгізуді үйренеді.

 

 

 

Сертификаттау бағдарламасын аяқтауға қойылатын талаптар:

  • 30 академиялық кредит;
  • Кем дегенде GPA 2.67 болуы
Код БАҒДАРЛАМА Кредиттер саны Тілі
Элективті пәндер  
Omen 3221 Менеджмент негіздері М2 5 орыс/қаз
OrgP 3222 Ұйымдастыру психологиясы М2 5 орыс/қаз
MPOP 3223 Кадрларды іріктеу және бағалау әдістері М2 5 орыс/қаз
IMUP 3224 Кадрларды басқарудың инновациялық менеджменті M2 5 орыс/қаз
ADHRSI 4225 HR және әлеуметтік зерттеулердегі мәліметтерді талдау M2 5 орыс/қаз
OUK 4226 Басқарушылық кеңес берудің негіздері М2 5 орыс/қаз
Барлығы 30  

 

 

 

«BRAND-талдаушы» СЕРТИФИКАТТАЛҒАН  БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарлама студенттерді маркетинг негіздері  мен әлеуметтік медианы талдауды үйретуге бағытталған; жұмыс берушінің брендін басқару саласындағы сату мен жарнаманы ілгерілетудің психологиялық аспектілері, жарнама қызметіндегі аудиовизуалды технологиялардың ерекшеліктері туралы базалық білім алуға мүмкіндік береді.

 

Бағдарламаның мақсаты – беделге төнген қатер туралы ескертетін, медиа саласындағы басты мәселені анықтайтын, ақпараттық трендтерді көрсететін, дашборд қалыптастыратын және таныстырылым есебін дайындайтын маманды даярлау. Бағдарлама әлеуметтік медианы талдау процесін және оны PR-ға, маркетингке, сондай-ақ компаниялар мен ұйымдардың функционалдық бағыттарына қолдануды нақты түсінуді қамтамасыз етеді.

 

Курсты аяқтаған соң студент:

  • кәсіпорынның өнімін талдап, маркетинг құралдарын пайдалануды;
  • бұқаралық коммуникацияның түрлі құралдарын пайдалана отырып, коммуникативтік хабарлар жүйесін құруды;
  • жұмыс берушінің бренді мен өзіндік брендті талдау және аудит жүргізу дағдыларын меңгеріп, беделді басқаруды;
  • ұсынымдарды, болжамдарды (маңызды көрсеткіштердің дамуы, динамикасы) және маркетингтік стратегияларды әзірлеуді;
  • өнімді жылжыту үшін аудиовизуалды контент құралдарын пайдалануды;
  • өнімді немесе қызметті жарнамалаудың психологиялық әдістерін;
  • сайттардың пайдалы екендігін талдау үшін теориялық тұжырымдамаларды қолдануды үйренеді.

 

 

 

Сертификаттау бағдарламасын аяқтауға қойылатын талаптар:

  • 30 академиялық кредит;
  • Кем дегенде GPA 2.67 болуы

 

Код БАҒДАРЛАМА Кредиттер саны Тілі
Элективті пәндер  
OMark 3227 Маркетинг негіздері М3 5 орыс/қаз
MIK 3228 Кіріктірілген коммуникациядағы маркетинг М3 5 орыс/қаз
UBR 3229 Жұмыс берушінің брендін басқару M3 5 орыс/қаз
AVTR 3230 Жарнамағы аудиовизуалды технологиялар  М3 5 орыс/қаз
PPRP  4231 Сату психологиясы және жарнаманы ілгерілету М3 5 орыс/қаз
UAS 4232 Сайттардың ыңғайлылығы-аудиті М3 5 орыс/қаз
ИТОГО 30  

 

 

 

«ҚҰҚЫҚТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ» СЕРТИФИКАТТАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Бұл майнор студенттерді заңгер қызметінің процесінде туындайтын психология саласындағы мәселелерді шешу негіздерін оқытуға бағытталған. Бағдарлама медициналық-психологиялық сараптамалардың мәтіндерін, қылмыскердің жеке басын бағалау әдістерін талдау, виктимологиялық алдын алу шараларын және делинквенттік мінез-құлқы бар адамдарды түзету-оңалту бағдарламаларын әзірлеу арқылы жүзеге асырылатын іс-тәжірибелік жұмысты қарастырады.

 

Бағдарламаның мақсаты – құқықтану мен психологияның қиылысқан тұсындағы мәселелерді шешуде психологиялық білімді қолдана алатын маман даярлау: виктимологиялық алдын алу жұмыстарын жоспарлауды жүзеге асыру; соттың, қорғаушының немесе прокурордың сұрауы бойынша сарапшы жауап бере алатын сұрақтарды айқындау; девиантты және делинквентті мінез-құлқы бар адамдар үшін түзету-оңалту бағдарламаларын әзірлеу.

 

Курс аяқталғаннан кейін студенттер:

  • өзінің кәсіби қызметі барысында құқықтық сипаттағы ақпаратты талдауды, бейіндік дағдыларды қолдануды;
  • қылмыскердің/қылмыстық топтың психологиялық сипаттамаларын талдауды;
  • қылмыскердің психологиялық ерекшеліктерін диагностикалау әдістері мен әдістемесін анықтауды;
  • қылмыстың жалпы және жеке виктимологиялық алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізуді;
  • құқық бұзушылықтардың, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жоюды;
  • медициналық-психологиялық сараптама жүргізу үшін қажетті құралдарды (әдістерді) анықтауды;
  • құқық бұзушылық мінез-құлқы бар адамдар үшін психокоррекциялық бағдарламалар әзірлеуді үйренеді.

 

 

Сертификаттау бағдарламасын аяқтауға қойылатын талаптар:

  • 30 академиялық кредит;
  • Кем дегенде GPA 2.67 болуы
Код БАҒДАРЛАМА Кредиттер саны Тілі
Элективті пәндер  
OTP 3233 Құқықтың жалпы теориясы М4 5 орыс/қаз
OPr 3234 Профайлинг негіздері М4 5 орыс/қаз
Vict 3235 Виктимология М4 5 орыс/қаз
MOLP 3236 Қылмыскердің жеке басын бағалау әдістері М4 5 орыс/қаз
SPE 4237 Сот-психологиялық сараптама М4 5 орыс/қаз
KRLDP 4238 Құқық бұзушылық мінез-құлқы бар адамдарды түзету және оңалту М4 5 орыс/қаз
Барлығы 30  

Minors

Логопедия
Брэнд-аналитика
HR аналитика
Құқықтық психология

Оқытушылар

Самекин Адиль Серикпаевич
Associate Professor
Зинченко Оксана Олеговна
Teaching Professor
Нуртаев Ерден Рамазанович
Teaching Professor
Исаханова Асель Алимахановна
Teaching Professor
Абдыкаликова Марта Наушаевна
Teaching Professor
Сабирова Райхан Шайхышевна
Teaching Professor
Баянкулова Сауле Омаровна
Teaching Professor
Дюсембаев Айкын Шамшиденович
Senior Lecturer
Паевская Екатерина Владимировна
Senior Lecturer
Дымонт Дарья Вадимовна
Senior Lecturer
Габбасова Анаргуль Абишевна
Senior Lecturer
Ерманова Алтынай
Senior Lecturer
Кудерова Гүлнұр Тельмұхаметқызы
Senior Lecturer
Бекова Марья Сержановна
Senior Lecturer
Бержанова Молдир Кадирбековна
Senior Lecturer
Пошатылюк Владимир Алексеевич
Senior Lecturer
Поздеева Анна Борисовна
Senior Lecturer
Бухарова Анара Болатовна
Senior Lecturer
Болатбекова Назгуль Жоламановна
Senior Lecturer
Белесова Нурсулу Абдигаппаровна
Senior Lecturer
Муканова Анжела Ерхановна
Lecturer

Қабылдауға өтініш беріңіз
Психология
Өтініш беру
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды адрес

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде бухгалтерлік білім бар ма

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз