Академиялық дипломатиялық клуб

Халықаралық рухты қалыптастыру және әртүрлі елдердің мәдениеттерін білу әрқашан MNU өмірінде маңызды орынға ие болды. Осыған байланысты біздің университет шет елдердің елшілері мен дипломаттарын қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша қонақ дәрістеріне қатысуға көбірек тарта бастады. Студенттер экономикалық даму, саяси өзара іс-қимыл, әртүрлі елдердің құқықтық жүйесінің тәжірибесіне көбірек қызығушылық таныта бастады.

2014 жылғы 5 мамырда ҚР Сыртқы істер министрлігінің, әлемнің 25-тен астам елшілерінің және Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттер мен өкілдіктердің 40-тан астам дипломаттарының қатысуымен Академиялық дипломатиялық клубтың ресми ашылуы өтті.

АДК  аясында Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зариф, Венгрияның Сыртқы істер және сауда министрі Питер Сиярто, Үндістанның бұрынғы Сыртқы істер министрі Яшвант Синха, БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Йенча, БҰҰ Бас хатшысының коммуникация және қоғамдық ақпарат жөніндегі көмекшісі Кристина Галлач сөз сөйледі.
Клуб саясат, экономика, мәдениет және білім салаларындағы халықаралық қатынастардың өзекті мәселелерін талқылайтын еркін алаңға айналды. Басты мақсат- әртүрлі мәдениеттер мен халықтардың өкілдері арасында қолайлы қарым-қатынастарды құру және нығайту. Клуб отырыстары апта сайын әртүрлі форматта өткізіледі: дөңгелек үстелдер, конференциялар, ашық дәрістер, бизнес форумдар, іскерлік әңгімелер, мәдени іс-шаралар.