MNU Logo

Виза және көші-қон мәселелері

Шетел азаматтарына визалық және көші-қон қолдауы

MNU шетелдік студенттер мен қызметкерлерге виза құжаттарын рәсімдеу, тіркеу және Қазақстан Республикасының көші-қон талаптарын сақтау мәселелері бойынша әкімшілік қолдау көрсетеді.

– ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР ҮШІН –

C9

Студенттік виза

Қазақстан Республикасына бірнеше рет кіруге және одан бірнеше рет шығуға мүмкіндік беретін, бір жыл мерзімге берілетін көп мәртелік виза.

ҚАЗАҚСТАНДА РӘСІМДЕУ

  • Шетелдік паспорттың түпнұсқасы;
  • Паспорттың мерзімі виза аяқталғаннан кейін кемінде 3 ай жарамды болуы және кемінде 2 бос беті болуы тиіс;
  • Консулдық алым – MNU шотына 30 АЕК;
  • Фотосуреті бар толтырылған визалық сауалнама;
  • Дактилоскопиядан өткенін растайтын анықтама;
  • Тұрғылықты мекенжайдың РКА коды.

ШЕТЕЛДЕ РӘСІМДЕУ

  • Шетелдік паспорттың көшірмесі;
  • Қазақстандағы тұрғылықты мекенжайы;
  • Құжаттар тапсырылатын Қазақстан Республикасының Елшілігі немесе Консулдығының мекенжайы.

ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛГЕННЕН КЕЙІН

01
Қазақстанға келгеніңіз туралы Халықаралық кеңсеге хабарлау.
02
Қажетті құжаттар мен тұрғылықты мекенжай туралы мәліметтерді ұсыну.
03
Қолданыстағы талаптарға сәйкес қажет болған жағдайда дактилоскопиядан өту.
04
Тұрғылықты мекенжайдың РКА кодын ұсыну.
05
Мекенжайдың өзгергені және Қазақстаннан әрбір шыққан жағдай туралы уақтылы хабарлау.

– ШЕТЕЛДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҮШІН –

C3

Жұмыс визасы

Қазақстан Республикасына бірнеше рет кіруге және одан бірнеше рет шығуға мүмкіндік беретін, бір жыл мерзімге берілетін көп мәртелік виза.

ҚАЗАҚСТАНДА РӘСІМДЕУ

  • Шетелдік паспорттың түпнұсқасы;
  • Консулдық алым – 30 АЕК;
  • Фотосуреті бар визалық сауалнама;
  • Дактилоскопиядан өткенін растайтын анықтама;
  • Нострификацияланған диплом – оқытушылық қызмет үшін;
  • Еңбек шартының көшірмесі;
  • Тұрғылықты мекенжайдың РКА коды;
  • Отбасы мүшелеріне құжаттарды рәсімдеу кезінде апостиль қойылған неке және туу туралы куәліктер.

ШЕТЕЛДЕ РӘСІМДЕУ

  • Шетелдік паспорттың көшірмесі;
  • Қазақстандағы тұрғылықты мекенжайы;
  • Қазақстан Республикасының Елшілігі немесе Консулдығының мекенжайы;
  • Нострификацияланған дипломның көшірмесі;
  • Отбасы мүшелеріне құжаттарды рәсімдеу кезінде апостиль қойылған неке және туу туралы куәліктердің көшірмелері;
  • Еңбек шартының көшірмесі.

– ТМД ЕЛДЕРІНІҢ АЗАМАТТАРЫ ҮШІН –

ТМД елдерінен келген шетел азаматтарына Қазақстан Республикасына келгеннен кейін қолданыстағы талаптарға сәйкес уақытша тұруға рұқсат (УТР) рәсімделеді.

Студенттерге арналған УТР

  • Шетелдік паспорттың түпнұсқасы;
  • Дактилоскопиядан өткенін растайтын анықтама;
  • ЖСН;
  • Пәтер иесінің нотариалды куәландырылған келісімі;
  • Келісім ата-ананың атына рәсімделген жағдайда туу туралы куәлік;
  • Тұрғылықты мекенжайдың РКА коды.

Қызметкерлерге арналған УТР

  • Шетелдік паспорттың түпнұсқасы;
  • Дактилоскопиядан өткенін растайтын анықтама;
  • ЖСН;
  • Еңбек шартының көшірмесі;
  • Отбасы мүшелері үшін неке және туу туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған аудармалары;
  • Пәтер иесінің нотариалды куәландырылған келісімі;
  • Тұрғылықты мекенжайдың РКА коды.

Келгені туралы хабарлама

Қолданыстағы қағидаларға сәйкес қабылдаушы тарап – Университет – шетел азаматының Қазақстан Республикасына келгені туралы көші-қон қызметіне хабарлауға міндетті.

  • Хабарлама шетел азаматының Қазақстан Республикасына кірген күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде берілуі тиіс.
  • Тұрғылықты мекенжай өзгерген жағдайда да хабарлама беру қажет.
  • Бұл талап шетел азаматтарының Қазақстанға келу тәртібіне қарамастан – виза, УТР немесе визасыз режим арқылы келген барлық азаматтарға қолданылады.
  • Хабарламаны қабылдаушы тарап береді. Шетел азаматы хабарлама беру үшін көші-қон қызметіне өзі жүгінуге міндетті емес.

Хабарламаны уақтылы бермегені үшін жауапкершілік

Шетел азаматының келгені туралы хабарламаны уақтылы бермеу 10-нан 20 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғуы мүмкін.

Маңызды

Визалық және көші-қон талаптары өзгеруі мүмкін. Құжаттарды тапсырар алдында оларды тапсыратын жердегі Қазақстан Республикасының Елшілігінен немесе Консулдығынан қолданыстағы талаптардың өзектілігін нақтылау ұсынылады.

Өтініш беруші талаптардың өзектілігін тексеруге және қажетті құжаттардың толық топтамасын ұсынуға жауапты.

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз