MNU Logo
«ЖИ + Құқық»: MNU Қытайдың жетекші заң университетімен бірлескен магистрлік бағдарламаны іске қосады - MNU

07.07.2026

«ЖИ + Құқық»: MNU Қытайдың жетекші заң университетімен бірлескен магистрлік бағдарламаны іске қосады

Maqsut Narikbayev University (MNU) жасанды интеллект және құқық саласында жаңа магистрлік білім беру бағдарламасын іске қосады. Бағдарлама Қытай саяси ғылымдар және құқық университетімен (CUPL) бірлесіп іске асырылуда.

Жоғары оқу орындары арасындағы уағдаластықтар Бейжің (ҚХР) қаласында Түрлі өркениеттер құқығының үстемдігі саласында тәжірибе алмасу мен өзара оқыту жөніндегі халықаралық конференциясы аясында қол жеткізілді. Келісімге MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев пен CUPL Кеңесінің төрағасы Цзян Цзэтин қол қойды. Инновациялық бейінді магистрлік бағдарлама құқық, ЖИ, деректерді басқару және цифрлық трансформация тоғысында жұмыс істеуге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған

Жаңа білім беру бағдарламасына Қытайдың жетекші заң университетінің академиялық тәжірибесі мен институционалдық сараптамасы кіреді. Бағдарлама сондай-ақ іргелі заң дайындығын жасанды интеллект технологиялары, деректерді талдау, алгоритмдік реттеу, ЖИ-ді басқару пен цифрлық комплаенсті зерттеумен біріктіреді. Бұдан басқа, келісімде CUPL оқытушылары мен сарапшыларының білім беру процесіне қатысуы, тағылымдамалар мен ЖИ саласындағы озық тәжірибені зерделеу мақсатында ақпараттық технологиялар саласындағы қытайлық жетекші компанияларға қысқа мерзімді академиялық сапарларды ұйымдастыру да көзделген.

Түрлі өркениеттер құқығының үстемдігі саласында тәжірибе алмасу мен өзара оқыту жөніндегі халықаралық конференциясы 20-дан астам елдің ғалым-заңгерлерін біріктірді. Сонымен қатар іс-шара барысында «Қытай – Орталық Азия» Заңгерлік білім альянсының академиялық форумы өтті. Альянс мүшелері Қытай құқығының дербестігі мен жаһандық құқықтық өркениеттің әралуандылығының ерекшеліктерін талқылады.

«Цифрлық жүйелерде жауапкершілік әзірлеушілер, операторлар, инфрақұрылым және мемлекет арасында бөлінген. Құқық нақты бақылауға және нақты пайдаға жауапкершілік артатын жаңа модельдер әзірлеуі тиіс. Осы орайда, мен біздің Альянсқа ұсынатын қарапайым қағидат бар. Автоматтандыру шарасы нақты «картаға» не қойылғанға байланысты болуы тиіс. Құжат жіберетін жүйе және адам бостандығын шектейтін жүйе әртүрлі бақылауды талап етеді», – деді Талғат Нәрікбаев өз сөзінде.

Университет басшысы Қазақстанның цифрлық мемлекет құрудағы табысты шешімдеріне егжей-тегжейлі тоқталып, отбасының цифрлық картасы мен цифрлық сот орындаушысы бойынша жобаларды атап өтті. Форум жұмысына сондай-ақ MNU Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Кристофер Кэмпбелл-Холт, MNU басқарма төрағасының орынбасарлары Ғалымжан Құдайбергенов пен Сергей Пен қатысты қатысты. Айта кетейік, өткен жылы құрылған «Қытай – Орталық Азия» Заңгерлік білім беру альянсы құқықтық негіздерді бірлесіп зерттеуге, құқықтық мәдениетті өзара зерделеуге және өңір елдері арасындағы академиялық және мәдени өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

Халықаралық конференция жаһандық басқару үшін бағдар ретінде халықаралық құқықты пайдалану, халықаралық заң білімі саласындағы тәжірибеге бағдарланған ынтымақтастықты тереңдету және халықаралық құқық үстемдігі мәселелері бойынша тұрақты диалог тетіктерін құру жөніндегі бірлескен бастаманы қабылдаумен аяқталды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз