MNU Logo
AI + X: MNU-да жасанды интеллект саласындағы жаңа білім беру бағдарламасының ашылуы өтті - MNU

07.09.2026

AI + X: MNU-да жасанды интеллект саласындағы жаңа білім беру бағдарламасының ашылуы өтті

Maqsut Narikbayev University-де (MNU) AI + X – жасанды интеллект саласындағы жаңа білім беру бағдарламасының салтанатты ашылуы өтті. Бастама Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылды.

Бағдарламаның ашылуы ҚР Президентінің көмекшісі Қуанышбек Есекеев, MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев және ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен өтті. Іс-шара қатысушыларына бағдарламаның мазмұны мен оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдері таныстырылды. Сонымен қатар студенттермен кездесу ұйымдастырылды.

«Artificial Intelligence and Frontier Systems: AI + X» бакалавриат бағдарламасы зияткерлік жүйелер инженериясын зерделеу, бағдарламалау, деректерді талдау, машиналық және терең оқыту, сондай-ақ ЖИ жүйелерін жобалау және енгізуде іргелі білім мен практикалық дағдыларды қамтиды. Білім беру бағдарламасының ерекшелігі AI+X моделінде, онда студенттер ЖИ-дегі сараптамамен қатар бір бағытты таңдап (құқық, экономика, журналистика, лингвистика), таңдалған салада терең білім алады. Бағдарлама Сеул кибер университеті және отандық «Shai.pro» мен «Alpha.Tech.Edu» компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Іс-шара қатысушыларына сондай-ақ MNU-дың ЖИ жобалары көрсетілді. Университет қабылдау комиссиясының жұмысы үшін жеке CRM жүйесін әзірледі, студенттер мен оқытушыларға арналған университеттің күнделікті сервистері қамтылған MNU HUB мобильді қосымшасын іске қосты. Сонымен қатар ақылды бейнебақылау мен іс-шара барысында тілдерді аудару жүйелері және академиялық процесте көмек көрсететін ЖИ аватар атты жобалар қолға алынды. Бұдан басқа, жергілікті ЖИ міндеттері үшін суперкомпьютерлердің жұмысы және құқықты цифрландыру саласында «Legal Graph» жобасын жүзеге асыру барысы көрсетілді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жаңа білім беру бағдарламасының студенттерін құттықтап, MNU AI+X моделін дұрыс бағытта жүзеге асырған алғашқы университет болғанын атап өтті. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі, ал студенттерге серіктес жоғары оқу орны – Сеул кибер университетінің екінші дипломын алу қолжетімді. Сондай-ақ білім беру процесінің сапасын арттыру үшін коворкинг аймақтар, заманауи жабдықтар және жайлы жиһаздармен жабдықталған оқу аудиториялары жаңартылды.

Айта кетейік, AI + X бағдарламасының алғашқы студенттері болып 70-ке жуық адам атанды. MNU Қытай саяси ғылымдар және құқық университетімен бірлесіп AI Law магистратура мамандығын да іске қосты.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз