MNU Logo
MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY “ҚҰҚЫҚ” БАҒЫТЫ БОЙЫНША ОӘБ ОТЫРЫСЫ - MNU

MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY “ҚҰҚЫҚ” БАҒЫТЫ БОЙЫНША ОӘБ ОТЫРЫСЫ

Post Image
03.12.2024

2024 жылдың 27 қарашасында «Құқық» бағыты бойынша ОӘБ алаңында кезекті отырыс өтті. Оған «Құқық» мамандығы бойынша 20 университеттің өкілдері, ұлттық және халықаралық заңгерлік фирмалар мен компаниялардың жұмыс берушілері, сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Әділет министрлігі және ҚР ЖОО қауымдастығы сияқты мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.   

«Құқық» бағыты бойынша ОӘБ – бұл Қазақстанның барлық өңірлеріндегі жоғары оқу орындарын біріктіретін диалог алаңы. Мұнда заң білімін, құқық ғылымын және заңгерлік мамандықты дамытуға қатысты маңызды мәселелер талқыланады.

Отырыста келесі мәселелер қаралды:

  • Қазақстан Республикасында заң білімін дамыту тұжырымдамасының жобасы. Заң білімін дамытуға арналған негізгі тәсілдерді анықтау.  
  • Цифрлық құқық саласындағы білім беру курсы  
  • ЖБТ – Жаңартылған мазмұндағы оқулықтар. «Қазақ-орыс құқықтық сөздігі: заңнамадағы қателіктер мен түсіндірмелер». Баймұрат С. – Adjunct Assistant Professor, MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY.
  • Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Халықаралық экологиялық құқық және орнықты даму орталығының ашылуы.
  • Жоғары оқу орындарын бітірген түлектердің білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін заңгерлік практикаға рұқсат алу механизмі ретінде міндетті практикалық тағылымдаманы енгізу мәселесі.

ОӘБ төрағасы Т.М.  Нәрікбаев бірінші мәселе бойынша MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY Құқық жоғары мектебінің деканы Бектибаева О.С. ханымға сөз бере отырып, заң білімін дамыту тұжырымдамасы жобасы бойынша жұмыс көктемде басталғанын атап өтті. Мамыр айында ОӘБ алаңында «Құқық» бағыты бойынша 41 жоғары оқу орнының қатысуымен Стратегиялық сессия өткізіліп, тұжырымдаманың негізгі ережелері мен жұмыс бағыттары айқындалған болатын. Кейін тұжырымдама жобасы барлық жоғары оқу орындарына талдау жасап, мазмұнын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу үшін жіберілді.  Белгіленген уақыт ішінде 8 жоғары оқу орнынан ұсыныстар қабылданып, жұмыс тобы өз қызметін жалғастырды. MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY Құқық жоғары мектебінің деканы Бектибаева О.С. жүргізілген жұмыстар туралы есеп берді. Тұжырымдама жобасын талқылау барысында «Құқық» бағыты бойынша жоғары оқу орындарының өкілдері де сөз сөйледі.

Талқылауды қорытындылай келе, ОӘБ төрағасы Т. М. Нәрікбаев заңгерлік білім беруді дамыту тұжырымдамасы әлем жағдайында тез өзгеретін және жоғары білім беру жүйесіне енгізілетін өзгерістер жағдайында тиімді жұмыс істей алатын жоғары білікті мамандарды даярлау үшін әдіснамалық ғылыми негізделген бағдарламаға айналатынын атап өтті. 

Екінші мәселе бойынша «Цифрлық құқық саласындағы білім беру курсы» тақырыбында АХҚО жанындағы Digital Rights Center Qazaqstan директоры Утеген Дана сөз сөйлеп, цифрлық құқық бағдарламасын таныстырды. Бұл бағдарлама цифрлық экономика саласындағы түрлі салаларда жұмыс істейтін заңгерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған. Бизнестің әртүрлі салаларын цифрландыру жаңа түрдегі қатынастарды қалыптастырады; олардың интернетті, ақпараттық технологияларды, жасанды интеллектіні пайдалану бойынша бірқатар өзгешеліктері бар.

ОӘБ-ЖБТ бағыты аясында «Қазақ-Орыс құқықтық сөздігі: заңнамадағы қателер және түсіндірмелер» атты оқулық қарастырылды. Оқулықты Баймұрат С., MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY Adjunct Assistant Professor-мен әзірленген. 

Оқу басылымын талқылауға ОӘБ мүше университеттерінің профессорлары мен ҚР Әділет министрлігінің өкілдері – құқық түсіндіру және үйлестіру департаментінің директоры Н.С. Жамаладин белсенді қатысты.  Талқылау барысында қатысушылар бұл сөздік заңды терминдерді дұрыс түсіну және практикада қолдану үшін қажетті оқу басылымдарының бірі болып табылады деген пікір білдірді.

Отырыс барысында күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша Л. Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Ақшалова Р. Д. баяндама жасады. Ол құрылған Халықаралық экологиялық құқық және орнықты даму орталығы жұмысының мақсаттары туралы айтып, болашақ жоспарларымен бөлісіп, қатысушыларды ынтымақтастыққа шақырды.

Күн тәртібін қорытындылай отырып, ЖЖОКБҰ түлектері үшін білім беру курсын аяқтағаннан кейін заңгерлік практикаға рұқсат алу механизмі ретінде міндетті практикалық тағылымдама механизмдерін енгізу мәселесі қарастырылды. Талқылауда MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY заңгерлерді бағалау және сертификаттау бюросының жетекшісі Қалишева Ж.Г. қазіргі жағдайда «Құқық» бағыты бойынша жоғары оқу орындарын аяқтаған түлектер үшін өндірістік тәжірибенің заңгерлік практикаға рұқсат алу механизмдерінің бірі ретінде жүзеге асырылатынын айтты. Талқылау барысында ЖЖОКБҰ өкілдері ҚР Әділет министрлігінің өкілдеріне сұрақтар қойылды, оларға Құқықтық түсіндіру және үйлестіру департаментінің директоры Жамаладин Н.С. жауап берді. 

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды адрес

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде бухгалтерлік білім бар ма

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз