Әңгімелесу қорытындысы бойынша AMG MNU Халықаралық журналистика мектебінің үшінші курс студенттері — орыс бөлімінен Алина Козловаға, қазақ бөлімінен Ақлима Болатқызы мен Дарина Таупиховаға шәкіртақы және тағылымдама мүмкіндігін берді. Екінші курс студенттері Нұрай Капен мен Дильназ Сулейменоваға олардың келісімімен Tengrinews-тің Life, Travel, Sport арнайы жобаларында және ағылшын редакциясында тағылымдама ұсынылды.
