MNU Logo
40-қа жуық француз тілі оқытушысы MNU-да біліктілігін арттыруда - MNU

28.10.2026

40-қа жуық француз тілі оқытушысы MNU-да біліктілігін арттыруда

Maqsut Narikbayev University-де француз тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша өңірлік курстар басталды. Оқыту Францияның Қазақстандағы Елшілігі мен Франциялық Альянстардың қолдауымен ұйымдастырылған.

«Француз тілін оқытудың заманауи тәсілдері: педагогика, әдістеме, бағалау, цифрлық технологиялар және франкофондық жобалар» курсы 80 сағатқа есептелген және гибридтік форматта ұйымдастырылған. Бұл ретте 40 сағат күндізгі сабақты Сорбонна университетінен (Париж қ.) арнайы шақырылған оқытушысы өткізеді. Оқыту Алматы қаласында да болады.

«Біз Қазақстандағы француз тілінің ұстанымын нығайтуға тырысамыз және бұл ең алдымен жастардың тілді таңдап, одан әрі меңгеруі үшін қажет. Бұл болашаққа деген үміт. Біздің ынтымақтастығымыз энергетика, жасанды интеллект, инженерия, экология, ауыл шаруашылығы, жоғары білім және ғылым сияқты стратегиялық секторларда белсенді дамып келеді. Бұл міндетті жүзеге асыруда оқытушылардың рөлі зор, өйткені олар біздің тіліміз бен мәдениетімізді бүкіл Орталық Азия өңірінде ілгерілетуде ажырамас буын», – деді Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге.

Француз тілі әлемнің 30-дан астам елінде ресми тіл ретінде белгіленген. Курстарды өткізу оқытушылардың кәсіби құзыреттерін жетілдіруге және француз тілін оқытудың заманауи тәсілдерін дамытуға бағытталған. MNU Провосты Анар Ибраева іс-шара Қазақстан мен Франция арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Біз білім беру сапасы оқытушыдан басталатынына сенімдіміз. Сондықтан педагогтардың кәсiби дамуы, тәжiрибе алмасу және заманауи әдiстемелердi игеру ерекше мәнге ие. Бұл курстар – француз тілін оқытудың өзекті тәсілдерімен танысуға және француз сарапшыларымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Мұндай бастамалар тілдік білімді дамытуға және болашақ ұрпақты даярлауға жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз», – деді Анар Ибраева.

Айта кетейік, бұған дейін MNU-да Орталық Азиядағы алғашқы Lumieres білім беру қоры ашылған болатын. Қордың жұмысы Қазақстанда жұмыс істейтін француз компанияларының кадрлар даярлау саласындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, сондай-ақ стипендияларды бірлесіп қаржыландыруға жәрдемдесу ге бірлескен жобаларды бір брендтің төңірегінде біріктіруге бағытталған.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз