Maqsut Narikbayev University-де жаңа білім білім беру бағдарламаларын іске қосу және трансформациялау мәселелері талқыланды. Университетте Жоғары гуманитарлық мектептің Бизнес кеңесінің VII отырысы өтті.
Іс-шара университет серіктестерін, жетекші отандық компаниялар мен ірі халықаралық ұйымдардың басшылары мен сарапшыларын біріктірді. Талқылау барысында MNU Басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары Сергей Пен білім беру бағдарламаларының қазіргі заманғы технологиялық сын-тегеуріндер мен ЖИ мүмкіндіктеріне бейімделуі туралы өз көзқарасымен бөлісті. Сондай-ақ MNU Провосты Анар Ибраева академиялық орта мен нақты сектор арасындағы бірлескен тиімді жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

«Мұндай диалогтық алаңдар бізге еңбек нарығының ағымдағы сұраныстарын егжей-тегжейлі талдауға, жаһандық технологиялық өзгерістерге уақтылы ден қоюға және заман ағымына ілесуге мүмкіндік береді. Осындай бірлескен жұмысты жүргізе отырып, біз студенттерге жұмыс берушілердің сұранысына толық сай келетін сапалы, өзекті және сұранысқа ие білім беруді ұсыну үшін оқу процесін жедел түрде өзгерте аламыз», – деді Анар Ибраева.
Отырысқа қатысушылар MNU Жоғары гуманитарлық мектебінің қызметімен және білім беру бағдарламаларын дамыту перспективаларымен танысты. Жұмыс берушілер бірқатар ұсыныстар білдірді, сондай-ақ «Лингвистика (TESOL) және аудармадағы технологиялар» және «Туризм мен қонақжайлылық индустриясын басқару» атты білім беру бағдарламаларын іске қосу жоспарларын оң бағалады. Сонымен қатар әріптес компаниялардың өкілдеріне стратегиялық ынтымақтастық пен тағылымдамаларды ұйымдастырғаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.
«Бұл іс-шара университеттің болашақ үрдістерін қаншалықты терең зерттеп, жұмыс берушілердің қажеттіліктерін түсінетінін көрсетеді. MNU түлегі ретінде мен өз тәжірибемнен білімнің жоғары сапасына көз жеткіздім, өйткені алған білімім маған қысқа мерзімде басшылық лауазымға орналасуға көмектесті. Біздің компания қазірдің өзінде университетпен ынтымақтасуда. Өткен жылы біз MNU түлегін жұмысқа алдық және ол қазір жақсы нәтижелер көрсетуде», – деді «Astana Tourism» Туризмді дамыту орталығының Туристік өнімдерді дамыту және сервис департаментінің директоры Ольга Абельдинова.

Айта кетейік, бұған дейін Халықаралық экономика мектебі Бизнес кеңесінің X отырысы өткен болатын.







