MNU Logo
Идея үшін миллион: MNU-да туризмді дамыту бойынша Ideaton өтті - MNU

26.04.2025

Идея үшін миллион: MNU-да туризмді дамыту бойынша Ideaton өтті

24-25 сәуірде Maqsut Narikbayev University-де (MNU) Astana Urban Tourism Ideaton 2025 өтті. Іс-шара студенттердің Астана қаласында туризмді дамыту бойынша өз идеяларын ұсынған туристік ой-талқы алаңына айналды.

Ideaton – бұл жай ғана хакатон емес. Бұл инновациялық шешімдерді шығаруға бағытталған стартап-жоба мен стратегиялық сессияның элементтерін біріктіретін формат. Қатысушылар туристік көрікті жерлерді біріктіретін іс-шаралар тұжырымдамасы, абаттандырылмаған аумақтарда жаңа туристік орындар мен тарту нүктелерін құру, елорда әуежайының қызметі мен инфрақұрылымын жақсарту сияқты үш негізгі бағыт бойынша өз жобаларын таныстырды. Іс-шараны MNU Жоғары гуманитарлық мектебі Астана қаласының әкімдігі, «AstanaTourism» туризмді дамыту орталығымен бірлесіп ұйымдастырып, MNU құрметті ректоры, мемлекет және қоғам қайраткері Мақсұт Нәрікбаевтың 85 жылдығына орай өткізді.

«Елорданың туристік әлеуеті жыл сайын өсіп келеді. Биыл 200-ге жуық халықаралық іс-шара жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық. Мен бұл Ideaton жаңа идеялар шығаратын алаң ғана емес, елорданың туризм саласын жақсартудағы маңызды қадам болатынына сенімдімін», – деді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев.

Байқаудың жүлде қоры 1 миллион теңгені құрады. Іс-шара барысында студенттер жобалардың прототиптерін әзірлеп, сараптамалық кері байланыс алып, өз шешімдерін қазылар алқасына ұсынды. Үздік идеялар сыйлықтармен, ақшалай сертификаттармен марапатталып, іске асыру мүмкіндігіне ұсынылды.

«Жыл сайын инновациялық студенттік жобалардың сапасы мен мазмұны өсіп, жақсарып келе жатқаны қуантады, Бұл MNU-дағы білім беру бағдарламалары нарықтың өзекті қажеттіліктеріне сәйкестігін және бәсекеге қабілетті әрі өршіл мамандарды, кәсіпкерлерді, инновациялық стартап жобалардың негізін қалаушыларды даярлайтынын білдіреді. Барлық қатысушыларға алдағы бастамаларда сәттілік тілейміз», – деді «Туризм» және «Қонақжайлылық» білім беру бағдарламаларының жетекшісі Мәдина Лұқпанова.

Ideaton іс-шарасы MNU инновациялар, жастар бастамалары мен ел дамуының жобалары нақты өзгерістерге арналған бір платформада кездесетін кеңістік екендігінің тағы бір дәлелі болды. Естеріңізге сала кетейік, жақында Maqsut Narikbayev University-де ТМД-дағы алғашқы International Legathon MaxUP 2025 өтті.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз