2024 жылғы 26 сәуірде Maqsut Narikbayev University-де БҰҰ Босқындар істері жөніндегі агенттігі (UNHCR) мен Адамгершілік құқықтың халықаралық институты (Сан-Ремо) бірлесіп, университетпен серіктестікте әзірлеген «Босқындар мен азаматтығы жоқ тұлғаларды қорғаудың халықаралық-құқықтық негіздері» атты жаңа асинхронды курстың тұсаукесері өтті. Бұл курс босқындар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтарын қорғаудың негізгі халықаралық-құқықтық тетіктерін және олардың іс жүзінде қолданылу ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Тұсаукесер шарасы сағат 16:00-де Public Library алаңында өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша курс Жоғары құқық мектебінің студенттеріне жазғы семестрде қолжетімді болатыны хабарланды.
26.04.2024
“Босқындар мен азаматтығы жоқ адамдарды қорғаудың халықаралық-құқықтық негізі”курсы
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
10.04.2026
Legathon MaxUP: Астана болашақ құқығын зерттеу орталығына айналды
Өткен аптада Maqsut Narikbayev University-де екінші International Legathon MaxUP 2026 заң саласындағы кейс-чемпионаты өтті. 13...
09.04.2026
MNU студенттері түрлі зияткерлік байқауларда жүлделі орындарға ие болды
Maqsut Narikbayev University Халықаралық экономика мектебінің студенттері түрлі зияткерлік сайыстарда жүлделі орындарға ие болды. Олар...
08.04.2026
MNU-дағы қолданбалы лингвистика – тіл мен технология арасындағы көпір
Maqsut Narikbayev University Қазақстанда «Қолданбалы лингвистика» мамандығы бойынша үздік кадрларды табысты даярлауды жалғастыруда. Білім беру...