MNU Logo
Заң саласында қазақ тілін дамыту: MNU-да республикалық байқау өтті - MNU

23.10.2025

Заң саласында қазақ тілін дамыту: MNU-да республикалық байқау өтті

Республика күні қарсаңында Maqsut Narikbayev University-де «Заңғар заңгер» республикалық зияткерлік байқауы өтті. Заң саласында қазақ тілін қолдануды кеңейтуге және студенттердің тілдік құзыреттілігін дамытуға бағытталған сайыс Қазақстанның тоғыз университетінен қатысушыларды біріктірді.

Байқау барысында студенттер құқық саласындағы тәжірибелік кейстерді шешіп, заңдық талдау және дәлелдеу дағдыларын көрсетті, сондай-ақ мемлекеттік тілде пікірталас жүргізе білу шеберлігі бойынша мықтыны анықтады. Қатысушылар арасында шығармашылық кезең ерекше қызығушылық тудырды, онда олар заң тақырыптарын заманауи әлеуметтік және мәдени контекспен байланыстыра отырып, креативтілік танытты. Үздік үштікке MNU, Karaganda Buketov University және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ командалары кірді, ал байқау қожайындары жеңімпаз атанды.

«Біз білімімізді ғана емес, мамандыққа деген көзқарасымызды да көрсетуге тырыстық. Барлық кезеңде кейстерді әдеттен тыс, шығармашылық тұрғыдан шешуге және заңгер тек қатаң және ұстамды болуы тиіс деген стереотипті бұзуға тырыстық. Бұл жеңіс – біздің табанды жұмысымыздың және құқықтық қазақ тілін жетілдіруге деген ұмтылысымыздың нәтижесі», – деді Maqsut Narikbayev University студенті Ерқанат Айдарбек.

Айта кетейік, MNU заң саласында мемлекеттік тілді дамыту бойынша жобаларды іске асыруда. Бұған дейін университет профессорлары Дмитрий Дождевтің «Римдік жеке құқығы» оқулығының қазақша аудармасын және «Қазақ-орыс заң сөздігі: заңнамадағы қателер және түсіндірмелер» кітабын таныстырды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
MNU-да Еуропа Кеңесі орталығының өңірлік кеңсесі ашылды
07.12.2025

MNU-да Еуропа Кеңесі орталығының өңірлік кеңсесі ашылды

Maqsut Narikbayev University жаһандық диалог пен академиялық ынтымақтастықтың белсенді орталығы болуда. Университетте Білім беру саласындағы...

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?
06.12.2025

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?

Бір апта бұрын Maqsut Narikbayev University студенттер қатарына ресми түрде қабылдау салтанатты рәсіміне бес мыңнан астам адам қатысты. Ендеше, университеттің басты мерекесінің қалай өткенін біздің фоторепортаждан біле аласыз. 27 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайы ерекше сәнге еніп, тартысқа толы аренаға айналды. Төрт жоғары мектеп чемпион атағы үшін жыл сайын өтетін дәстүрлі додада бақ сынасты. Кештің басты тақырыбы – «Arman Iesi. Think. Create. Lead» идеясы студенттерге кең ойлауға, жасампаз болуға және қарқынды дамып келе жатқан технологиялар дәуірінде көш бастауға жетелейтін үндеу болды. Студенттердің қойылымдары жасанды интеллекттің дамуы, болашақ мамандықтардың бейнесі және мәліметтер мен алгоритмдер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған замандағы адамның рөлі турасында өрбіді. MNU студенттер қатарына қабылдау дәстүрлері – айрықша дүние. Кешқұрым...

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады
05.12.2025

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады

Maqsut Narikbayev University-де MNU Bridge Hub сараптамалық алаңы іске қосылды. Мемлекеттік және жекеменшік орта мектеп...

Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз