MNU Халықаралық журналистика мектебінің бірінші курс студенттері «Әлеуметтік желілердегі хабар тарату» пәнінің қорытынды жобаларын ұсынды. Әр жұмысты көргеннен кейін авторлар кәсіби кері байланыс алып, сұрақ қойды. Қонақтар қатарында ХЖМ деканы Айгүл Жамалова, операторлық өнер және монтаж оқытушысы Дәулет Аманов, Atameken Business жүргізушісі әрі журналисі Диас Еркинов болды. Шоукейс пәндік бағалауды медиа мамандарының кері байланысымен ұштастырды. Мектеп іс-шараны ұйымдастырған пән оқытушысы Жалғас Азғанбаевқа алғыс білдірді.
