Visit Shymkent қонақ дәрісі: кәсіби құзыреттерді дамыту және туризм индустриясымен ынтымақтастық.
6 ақпанда «Туризм және қонақжайлылық» білім беру бағдарламасының студенттеріне Visit Shymkent өкілдерінің, кәсіби гидтің, туризм саласының сарапшылары мен travel-блогерлердің қатысуымен қонақ дәрісі ұйымдастырылды.
Кездесу студенттерге сала мамандарының практикалық тәжірибесімен танысуға, Шымкент қаласының туристік көрікті жерлері туралы ақпарат алуға және туристік бағыттарды ілгерілетудің заманауи үрдістерін түсінуге мүмкіндік берді.Іс-шара аясында студенттердің кәсіби практикасын ұйымдастыру туралы шартқа және Visit Shymkent-пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісімдер университеттің туризм индустриясы өкілдерімен байланысын нығайтуға, сондай-ақ студенттердің практикалық тәжірибе жинақтауына және кәсіби дамуына арналған мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
