Қазақстанның ежелгі қалаларына тарихи-мәдени танымдық сапар.
15–17 қараша аралығында бірінші курс студенттеріне Қазақстанның тарихи мұрасымен танысуға бағытталған тарихи-мәдени сапар ұйымдастырылды. Сапар барысында студенттер Отырар қалашығын, «Көне Тараз» ашық аспан астындағы музейін, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Ясауи, Айша бибі және Қарахан кесенелерін аралады.
Тарихи ескерткіштермен танысу студенттерге елдің мәдени және рухани мұрасы, ежелгі қалалардың дамуы, сауда байланыстары, қолөнер және өткен дәуірлердің инженерлік жетістіктері туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Әсіресе ежелгі су құбыры мен кәріз жүйелерінің, қоғамдық моншалардың сақталған бөліктері және қолөнер өндірісінің дамығанын көрсететін тарихи деректер үлкен қызығушылық тудырды.
Сапар студенттердің тарихи танымын кеңейтуге, ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыруға және бірінші курс студенттері арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті. Пәнді оқудың келесі кезеңінде Қазақстан тарихының белгілі бір кезеңін бейнелейтін театрландырылған қойылым ұсынылады.