MNU Халықаралық журналистика мектебінде «Al Jazeera Week» – «Al Jazeera-мен бір апта» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараны ҚР Президентінің Телерадиокешені, Al Jazeera Media Network және Maqsut Narikbayev University ұйымдастырды.
Салтанатты рәсімде ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев пен Al Jazeera Media Institute директоры Эман Әл-Амри сөз сөйледі.
Al Jazeera – әлемдегі ең ірі жаңалықтар желілерінің бірі. Бұл біздің университет үшін және қазір осында оқитын студенттер үшін керемет мүмкіндік. Al Jazeera өзінің журналистік адалдығымен танымал және аймақтық және халықаралық оқиғаларға кең көзқарас ұсынады. Біздің университет пен Media Institute Al Jazeera арасындағы серіктестік Қазақстанда журналистиканы дамытудың үлкен әлеуетіне ие, – деп Талғат Нәрікбаев атап өтті.
Al Jazeera Media Institute директоры Эман Әл-Амридің айтуынша, ынтымақтастық туралы меморандум медиасферада барлық қажетті дағдылар мен құзыреттерді иеленуге мүмкіндік береді.
Менің ойымша, біздің құндылықтарымыз ортақ және біз дұрыс бағытта жүріп келе жатырмыз. Университетте өзгеріс пен шығармашылықты ынталандыратын осындай шығармашылық орта бар екендігі өте керемет. Қазір біз медиа нарықтың барлық сұраныстарын орындау үшін жұмыс істеп жатырмыз,-деп Эмен Әл-Амри сөз қосты.
Al Jazeera-мен Апта аясында Катар телеарнасының мамандары MNU Халықаралық журналистика мектебінің студенттеріне бір апталық тренинг өткізеді және заманауи медианың өзекті мәселелері бойынша ашық дәрістер сериясын береді.
Студенттерге «Жаңалықтар репортаждары», «Деректер журналистикасы», «Мобильді журналистика», «Цифрлық сторителлинг» және «Жаңалықтар жүргізу курстары» сияқты тақырыптар бойынша 100 сағаттан астам теориялық және практикалық сабақтар ұсынылады.
Бағдарлама соңында студенттер оқу бағыттарының әрқайсысы бойынша курстық жобаларды дайындайды және қорғайды, сондай-ақ Al Jazeera Media Institute сертификаттарын алады.
MNU Провосты Сергей Пен тренингтің бірегейлігін атап өтті, бұл студенттер нақты істер бойынша тапсырмаларды орындайтынын білдіреді.
Студенттердің міндеті – әлемдік құқықтық жаңалықтар деңгейінде қабылданған барлық стандарттарды меңгеру. Мұндай оқыту халықаралық деңгейде тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия өңірінде де алғаш рет жүргізілуде. Al Jazeera-ның білікті журналистері біздің студенттерге өздерінің кәсібилігі мен тәжірибесін сәтті жеткізеді. Тағылымдамалар да қарастырылған. Al Jazeera Media Institute тренингке қатысушыларды жұмысқа шақыруға дайын екендіктерін білдірді, – деді Сергей Пен.
Al Jazeera 1996 жылы Катар Әмірінің Жарлығымен құрылды. Телекомпания әлемнің көптеген елдерінде араб және ағылшын тілдерінде хабар таратады, 50-ден астам шетелдік бюролары бар. Деректі мазмұн Al Jazeera Documentary арнасында көрсетіледі.