Елордадағы Public Library MNU-да көптен күткен кинокөрсетілім өтті. Дарынды қазақстандық режиссерлер Меруерт Жақиянова (Шалбаева) мен Ілияс Отанның арқасында көрермендер деректі кино атмосферасына енуге ерекше мүмкіндік алды.
Кеш бағдарламасында үш фильм болды:
- Dears: Димаштың Калифорниядан келген, Қазақстанға жету үшін мыңдаған шақырымды жүріп өткен супер жанкүйерлерінің тарихы. Бұған дейін Qara Film Festival-да ұсынылған фильм Алматы көрермендерінің көңілінен шықты.
- Segiz: бірде-бір көрерменді бей-жай қалдырмаған Оңтүстік Қазақстандағы жұмбақ көлге қызықты саяхат. Естеріңізге сала кетейік, картина бұған дейін International Road Movie Festival-да көрермендер дауыс беруінде жеңімпаз атанған болатын.
- Сурфактант: Қазақстанда жаңа өмір тапқан релоканттың әсерлі тарихы. The Student Academy Awards (Оскар) номинациясына ұсынылған фильм қатысушыларға қатты әсер етті.


Әр фильмді көргеннен кейін көрермендер мен режиссерлер арасында қызу пікірталас болды. Іс-шара қонақтары өз әсерлерімен бөлісіп, көптеген қызықты сұрақтар қойды.
MNU-дағы кинокөрсетілім барлық деректі фильм әуесқойлары үшін нағыз оқиға болды. Ұйымдастырушылар, оның ішінде ХЖМ білім беру бағдарламаларының жетекшісі Меруерт Жақиянова (Шалбаева), іс-шараға қатысқандардың барлығына алғыс білдіріп, жаңа кездесулерге үміттенеді.