MNU Logo
Әділет министрі MNU-да болды - MNU

19.12.2025

Әділет министрі MNU-да болды

Maqsut Narikbayev University-де ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев болды. Ол дәріс өткізіп, Заң клиникасының ашылуына қатысты.

Заң клиникасы университет пен министрліктің бірлескен әлеуметтік-құқықтық жобасы болды. Клиника MNU студенттеріне қазақстандықтарға, сондай-ақ «Amanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында тегін заңгерлік кеңес өткізуге мүмкіндік береді. Бастама білікті кадрларды қалыптастыруға ықпал етеді және азаматтардың базалық құқықтық көмекке қолжетімділігін кеңейтеді.

Әділет министрі MNU басшылығы мен ұжымына бастама үшін, сондай-ақ елімізде заң білімін дамытуға және заң қызметінің заманауи кәсіби стандарттарын қалыптастыруға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдірді. Ол ведомствоның университетпен жемісті ынтымақтастығын атап өтіп, Заң клиникасы қоғамның заң мен тәртіпке деген сенімін нығайтуға ықпал ететініне тоқталды.

«Бүгін біз еліміздің жетекші заң университетінің қабырғасында Заң клиникасын ашудамыз және бұл оқиға ерекше мәнге ие. Қоғам мен мемлекет қажеттіліктерімен тікелей байланысты әлеуметтік маңызы бар жоба іске қосылуда. Дәл осы жерде студенттер құқықпен теория немесе заң мәтіні ретінде емес, адам құқықтары мен мүдделерін қорғаудың нақты құралы ретінде алғаш рет танысады. Бұл – білімнің тәжірибемен тексерілетін, ал қабылданатын шешімдер олардың салдары болатын кәсіби жолдың бастауы», – деді Ерлан Сәрсембаев.

Министр MNU-ға сапары аясында «Конституция, цифрландыру және құқықтың болашағы: жаңа нақты ахуалда құқықтық тәртіпті үйлестіру» тақырыбында дәріс оқыды. Ол студенттермен әңгімелесіп, университеттің инфрақұрылымымен танысты. Сонымен қатар ведомство басшысына құжаттарды дайындауды автоматтандыру және құқықтық процестердің тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект моделін әзірлеуді көздейтін AI Legal Graph инновациялық жобасы таныстырылды.

Айта кетейік, Ерлан Сәрсембаев министрліктің университет жобаларына қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз