MNU Logo
MNU СТУДЕНТТЕР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ КЕШІ 2024: 30 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ДӘСТҮР, БІРЛІК ЖӘНЕ ЖАҚСЫЛЫҚ МЕРЕКЕСІ - MNU

28.11.2024

MNU СТУДЕНТТЕР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ КЕШІ 2024: 30 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ДӘСТҮР, БІРЛІК ЖӘНЕ ЖАҚСЫЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

2024 жылдың 26 қарашасында «Жекпе-Жек» аренасында ең маңызды және жарқын іс-шаралардың бірі – MNU Студенттер қатарына қабылдау 2024 рәсімі өтті. Биыл бұл мереке университет тарихындағы 30-жылдық мерейтой ретінде аталып өтті

Шараның алғашқы сәттерінен бастап, барлық қатысушылар мен көрермендер шабыт, шығармашылық және бірлік атмосферасына еніп кетті. Университеттің төрт мектебі өздерінің жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Әрбір өнер көрсету көрермендерге мақтаныш, қуаныш, таңданыс, тіпті кейде көз жасын тудыратын ерекше сезім сыйлады.


РЕСМИ БӨЛІМ

Іс-шара Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау сөзінен басталды. Министр бірінші курс студенттерін өмірінің жаңа кезеңінің басталуымен құттықтап, университет пен мемлекет ұсынатын білім мен мүмкіндіктердің маңыздылығын атап өтті.



«Сіздер тәуелсіз еліміздің ең үздік өскелең ұрпағысыздар. Университет беретін барлық мүмкіндіктерді мейілінше пайдаланып, армандарыңызға сенімді қадам басыңыздар», — деді министр сөз соңында.


Maqsut Narikbayev University провосты Пен Сергей Геннадьевич те өз сөздерімен студенттерге ерекше шабыт сыйлады.

Сергей Геннадьевич өз сөзінде қазақ халқы ежелден өзінің бостандығы мен бірлігімен танылатынын және билердің терең даналығы, әділеттілігі және халыққа жүрекке жететіндей сөз айту шеберлігі үшін құрметке ие болғанын айырықша атап өтті. Провосттың айтуынша, бұл құндылықтар бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ және жастарды әділетті әрі үйлесімді қоғам құруға шабыттандырады.



Бірінші курс студенттері 1994 жылдан бастап терең бойлайтын дәстүрлі ант беру рәсімінен өтті. Бұл сәт студенттердің академиялық отбасыға қабылдануын және университеттің білімге, адалдыққа және жауапкершілікке негізделген құндылықтарын ұстануға дайындығын білдіреді.



Рәсімнің маңызды бөлігінің бірі – 2022 жылдан бері дәстүрге айналған Қазақстан Республикасының ең үлкен туын жайып көрсету болды. Бұл салтанатты сәт бірліктің және патриотизмнің символы ретінде ұлттық құндылықтардың маңыздылығын және ортақ мақсаттарға жетудегі ауызбіршілікті еске салды.



ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР

2024 жылғы Студенттер қатарына қабылдау тек мереке ғана емес, сонымен қатар студенттердің әлеуметтік жауапкершілігінің үлгісіне айналды. Әр мектеп қоғамды қолдауға бағытталған ауқымды жобаларын таныстырып, көрермендерді терең әсерге бөледі және бірліктің шынайы күшін көрсетті.


Халықаралық журналистика мектебі мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарт азаматтарға көмек ұйымдастырды. Студенттер әлеуметтік осал топтарды қолдауға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізді: азық-түлік жиынтықтарын дайындады, мәдени кездесулер өткізді және мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелері туралы бейнероликтер жасады. Бұл жоба қоғамның хабардарлығын арттырудағы және көмекке мұқтаж адамдардың өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды қадам болды.



Халықаралық экономика мектебі жалғызбасты аналар мен олардың балаларын қолдауға бағытталған жобаны жүзеге асырды. 2014 жылдан бастап мектеп “Аналар үйімен” тығыз байланыста жұмыс істейді. Университет студенттері мен профессорлары психология, жұмысқа орналасу және қаржылық сауаттылық бойынша тренингтер өткізді. Сондай-ақ, әйелдер шығармашылық арқылы эмоцияларын білдіре алатын арт-терапия ұйымдастырылды. Айрықша жетістік ретінде Digital Holding IT-компаниясының қолдауымен жаңа жылыту қазандықтарын орнатып, 18 тонна көмір жеткізуді атап өтуге болады. Сонымен қатар, бірінші курс студентінің асыраушысынан айырылған отбасына баға жетпес көмек көрсетілді — студенттер MNU-дағы 4 жылдық оқу ақысын толығымен өтеп, қиын кезеңде жан-жақты қолдау жасады.



Жоғары гуманитарлық мектеп күш-жігерін өз үйлерінде тұратын жалғыз басты қарт адамдарға қолдау көрсетуге бағыттады. Студенттер қарттарды азық-түлік себеттері, дәрі-дәрмектер, жылы киімдер мен алғашқы қажеттіліктермен қамтамасыз етті. Олар қарттар үйлеріне жеке барып, тұрмыстық істерде көмек көрсетіп, жанға жылу сыйлайтын әңгімелер жүргізіп, қамқорлық пен мейірім атмосферасын қалыптастырды. Бұл жоба ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын көрсететін тамаша үлгі болды.



Құқық жоғары мектебі су тасқынынан зардап шеккендерге және шұғыл қолдауды қажет ететін жандарға көмектесуге күш салды. Студенттер сенбіліктер ұйымдастырып, жануарларға арналған баспаналарға барды, жиналған қаражаттың бір бөлігі зардап шеккендерге қажетті заттарды сатып алуға жіберілді. Олардың жобасының шарықтау шегі “Rakhmet Group”құрылыс компаниясымен бірлесіп көп балалы ананың пәтерін табыстау болды.

«Бірлік түбі тірлік», — деп атап өтті студенттер Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаевтың сөздерін келтіре отырып:
«Қоғам сүйіспеншілікпен бірігеді, әділдікпен өмір сүреді, адал еңбекпен дамиды».



ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМДАР

2024 жылдың Студенттер қатарына қабылдау рәсімінің шығармашылық бөлімі нағыз шеберлік сынағына айналды. Әр мектеп өз тақырыптарын жарқын әрі терең қойылым арқылы таныстырды. Бұл қойылымдар студенттердің дарындылығын көрсетіп қана қоймай, өзекті әлеуметтік және мәдени мәселелерге де тоқталып, көрермендерді терең ойға батырды.


Халықаралық журналистика мектебі еңбекқорлық пен кәсібилік тақырыбын ұсынды. Ток-шоу форматында өткен қойылымда олар әрбір мамандықтың маңыздылығын және қоғамның дамуына қосқан үлесін көрсетті. Шараның шарықтау шегі ретінде Қазақстанның белгілі тұлғаларының бейнемәлімдемесі болды, олардың қатарында: 

  1. 1. Диляра Кайдарова, Қазақстандық ғалым, гинеколог-онколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі. РҒА шетелдік мүшесі. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс бас онкологы;
  2. 2. Максут Жумаев,Белгілі қазақ альпинисті, ҚР альпинистер құрамасының майоры, ҚР альпинизмнен еңбек сіңірген спорт шебері;
  3. 3. Айжан Кульбаева, Астана қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы. Бұл сәт еңбекқорлық пен өз ісіне адалдықтың тек жақын ортаға ғана емес, бүкіл елге шабыт беретінін еске салды.



Жоғары гуманитарлық мектеп көрермендерді тәуелсіздік пен патриотизм тақырыбына терең үңілдіріп, тарихи сахналарды жандандыру арқылы еркіндіктің қаншалықты қымбатқа түскенін еске салды. Сахна Әлімхан Ермековтың Лениннің кабинетінде қазақ жерлерін Қазақ КСР құрамына қайтаруды сұрауынан басталды. Содан кейін сахна төріне Алашордашылар шықты, ал шарықтау сәті ретінде біздің тарихымыздағы ең тағдырлы әрі ең ауыр cәттерінің бірі – 16 желтоқсан оқиғасы көрсетілді.



Құқық жоғары мектебі ұлтаралық үйлену форматында қойылымды ұсына отырып, бірлік пен ынтымақтастық тақырыбына назар аударды. Бұл қойылым достық пен өзара сыйластық адамдарды шығу тегіне қарамастан қалай біріктіретінін көрсете отырып, Қазақстанның алуан түрлілігі мен мәдени байлығының символына айналды.



Халықаралық экономика мектебі заң мен тәртіп тақырыбын көрсетті. Олардың орындаушылық шеберлігі өткеннің, бүгіннің және болашақтың өзара байланысына баса назар аударып, әділ заңдар мен тәртіпті нығайту қоғамның тұрақты дамуына негіз болатынын атап өтті.



Жюри қорытынды жасап жатқанда, жалынды жастар үшін сахна төрінде 2024 жылдың Студенттер қатарына қабылдау рәсімінің хэдлайнері, ИРИНА КАЙРАТОВНА өнер көрсетті!

Бұл концерт бірінші курс студенттері үшін де, жоғары курс студенттері үшін де есте қалатын мерекенің жарқын шыңына айналды. Залдағы қуаныш пен шабыт төрт сағаттық бағдарламадан кейін шаршауды ұмыттырды.

Мереке нәтижелерді жариялаумен аяқталды. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Халықаралық экономика мектебі қатарынан үш мәрте чемпионы атанды.



ҚОРЫТЫНДЫ

2024 жылдың MNU Студенттер қатарына қабылдау кеші – шабыт пен жауапкершіліктің символына айналды. Бұл барлық қатысушыларға алға жылжудың қозғаушы күші жастар екенін және жақсылық пен бірлік әрқашан жүз есе қайтарылатынын еске салды.



MNU отбасына қош келдіңіз, 2024 жылдың бірінші курс студенттері!

Post Image

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
MNU-да Еуропа Кеңесі орталығының өңірлік кеңсесі ашылды
07.12.2025

MNU-да Еуропа Кеңесі орталығының өңірлік кеңсесі ашылды

Maqsut Narikbayev University жаһандық диалог пен академиялық ынтымақтастықтың белсенді орталығы болуда. Университетте Білім беру саласындағы...

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?
06.12.2025

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?

Бір апта бұрын Maqsut Narikbayev University студенттер қатарына ресми түрде қабылдау салтанатты рәсіміне бес мыңнан астам адам қатысты. Ендеше, университеттің басты мерекесінің қалай өткенін біздің фоторепортаждан біле аласыз. 27 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайы ерекше сәнге еніп, тартысқа толы аренаға айналды. Төрт жоғары мектеп чемпион атағы үшін жыл сайын өтетін дәстүрлі додада бақ сынасты. Кештің басты тақырыбы – «Arman Iesi. Think. Create. Lead» идеясы студенттерге кең ойлауға, жасампаз болуға және қарқынды дамып келе жатқан технологиялар дәуірінде көш бастауға жетелейтін үндеу болды. Студенттердің қойылымдары жасанды интеллекттің дамуы, болашақ мамандықтардың бейнесі және мәліметтер мен алгоритмдер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған замандағы адамның рөлі турасында өрбіді. MNU студенттер қатарына қабылдау дәстүрлері – айрықша дүние. Кешқұрым...

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады
05.12.2025

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады

Maqsut Narikbayev University-де MNU Bridge Hub сараптамалық алаңы іске қосылды. Мемлекеттік және жекеменшік орта мектеп...

Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз