MNU Logo
MNU мен Сеул киберуниверситеті қос диплом бағдарламасын іске қосты - MNU

16.09.2026

MNU мен Сеул киберуниверситеті қос диплом бағдарламасын іске қосты

Maqsut Narikbayev University (MNU) мен Сеул киберуниверситеті (SCU) жасанды интеллект саласындағы бірлескен қос диплом бағдарламасын іске қосты. Келісімге Сеул қаласында қол қойылды.

Келісімге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында өткен Қазақ-корей дөңгелек үстелі алаңында қол жеткізілді. Құжатқа MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев пен Сеул киберуниверситетінің Президенті Ли Ын Джу қол қойды. Рәсім ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен өтті.

Келісім «Artificial Intelligence and Frontier Systems: AI + X» білім беру бағдарламасының студенттеріне корей жоғары оқу орнының дипломын алуға да мүмкіндік береді. Бағдарлама екі университеттің білім беру және академиялық ресурстарына қолжетімділікті, халықаралық кәсіби байланыстарды кеңейтуді, сондай-ақ ЖИ және озық жүйелер саласындағы құзыреттерді дамытуды қамтиды. Бастама Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылды.

Бұған дейін жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастықтың негізін қалаған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын. Стратегиялық әріптестікті дамыту мәселелері МNU басшылығының Сеул киберуниверситетіне сапары барысында да талқыланды. Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев пен Басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары Сергей Пен SCU Президенті Ли Ын Джу және SCU Басқарма төрағасы Ли Сан Гюнмен кездесу өткізіп, жоғары оқу орнының қызметі мен жетістіктерімен танысты.

Сеул киберуниверситеті 2000 жылы құрылған болатын. Жоғары оқу орны 20-дан астам бағдарламаны жүзеге асырады және Корея Республикасының цифрлық білім беру саласында көшбасшы болып саналады. SCU-да 40 елден 15 мыңнан астам студент оқиды.

Айта кетейік, өткен аптада MNU-да AI + X жаңа білім беру бағдарламасының салтанатты ашылуы өтті.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз