2024 жылғы 5 желтоқсанда MNU-де ЕО-ның Қазақстандағы Өкілдігінің қолдауымен «Журналистиканы жетілдіру: жасанды интеллект пен ақпараттық манипуляциялардың тоғысындағы бағдар» медиафорумы өтті. Халықаралық журналистика мектебінің бағдарламасы мамандар мен сарапшыларды ЖИ-дің журналистикаға ықпалын, манипуляциялар мен жалған ақпаратты талқылауға біріктірді. Практикалық семинарлар ЖИ және OSINT арқылы жаңалықты тексеруге, ЖИ-дің журналистикадағы мүмкіндіктері мен шектеулеріне арналды. Мектеп ұйымдастыруға көмектескен Халықаралық бөлімге алғыс білдірді; бөлім алғыс дипломын алды.
