MNU Logo
MNU-да Халықаралық құқық қауымдастығының Орталық Азиядағы алғашқы бөлімшесі ашылды - MNU

11.09.2026

MNU-да Халықаралық құқық қауымдастығының Орталық Азиядағы алғашқы бөлімшесі ашылды

Астанада Халықаралық құқық қауымдастығының (ILA) Орталық Азиядағы алғашқы бөлімшесі іске қосылды. Ресми тұсаукесер Maqsut Narikbayev University-де (MNU) өтті.

1873 жылы Брюссельде құрылған Халықаралық құқық қауымдастығы жария және жеке халықаралық құқықты зерделеумен, түсіндірумен және дамытумен, сондай-ақ халықаралық өзара түсіністік пен халықаралық құқықты құрметтеуге жәрдемдесумен айналысатын орган. ILA мүшелері жеке практика, академиялық орта, үкімет, сот жүйесінде жұмыс істейтін заңгерлер және коммерциялық, өнеркәсіптік, қаржы салаларының сарапшылары ретінде танымал. Қауымдастық БҰҰ, Халықаралық теңіз ұйымы, ЮНЕСКО жанынан консультативтік мәртебеге ие және әлем бойынша оған 5000-нан астам адам кіреді.

Таныстырылым барысында ILA Атқарушы директоры Николас Мэй қазақстандық бөлімшенің қызметі ресми түрде басталғаны туралы мәлімдеді. Сондай-ақ бөлімшенің ашылуымен MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев құттықтады. Университет бөлімше хатшылығы орналасатын база ретінде белгіленді.

«Біз мұнда түрлі мектептер мен ұрпақ өкілдері, ғалымдар мен тәжірибешілер, судьялар мен мемлекеттік қызметкерлер, дипломаттар, оқытушылар мен жас зерттеушілердің кездесуін қалаймыз. Осы ретте мен қазақстандық бөлімшенің ерекше құндылығын көріп отырмын, өйткені ол елдегі сараптама мен халықаралық кәсіби қоғамдастықтың арасындағы байланыстырушы буынға айналуы мүмкін. Менің ойымша, біздің алдымызда неғұрлым ауқымды мақсат тұр. Ол Қазақстанды біртіндеп Орталық Азиядағы халықаралық-құқықтық сараптаманың көрнекті алаңдарының біріне айналдыру», – деді Талғат Нәрікбаев.

Университет басшысы халықаралық құқық дәстүрлі түрде MNU-дың академиялық өмірінде маңызды орын алатынын атап өтті. Биыл жоғары оқу орнының студенттері Филип Джессоп атындағы халықаралық құқық бойынша беделді конкурста Қазақстан тарихындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Олар жалпыкомандалық есепте 12-ші орынды және 100-ден астам мемлекеттен 806 команда арасында жазбаша меморандум жазуда бірінші орынды иеленді.

Тұсаукесер барысында ILA қазақстандық бөлімшесінің президенті Мирас Дәуленов, тұңғыш отандық халықаралық құқық саласындағы заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Сәрсембаев, сондай-ақ Конституциялық сот, Жоғарғы сот, Сыртқы істер министрлігі және Әділет министрлігінің өкілдері сөз сөйледі. Бұдан басқа, қазақстандық бөлімшенің миссиясы, мақсаты мен басымдықтары, қызметінің негізгі бағыттары мен ынтымақтастықтың перспективалары таныстырылды.

«Қазақстандық бөлімшенің ашылуы – халықаралық күн тәртібін қалыптастыруда біздің мемлекетіміздің пікірі ескерілетінінің символы. ILA көптеген халықаралық актілер мен конвенцияларды қалыптастыру үшін негізгі орган. Осыған байланысты қазақстандық бөлімшенің мүшелері түрлі мәселелер бойынша комитеттердің жұмысына қатыса алады. Бөлімшені ашу жолында 20 жылдан астам уақыт өтті және бұл кезеңде ірі халықаралық құқық мектебі құрылды. Осы ретте MNU-дың ерекше рөлін атап өткен жөн. Өйткені, университетте қалыптасқан халықаралық құқық ғылыми мектебі Қазақстанда бөлімшенің пайда болуы мен дамуына серпін берді», – деді Мирас Дәуленов.

Қазақстандық бөлімшенің іске қосылуын бұған дейін Венада өткен 82-ші екі жылдық конференция барысында ILA-ға мүше елдер бірауыздан қолдаған болатын. Бөлімшенің вице-президенттері болып MNU Құқық жоғары мектебінің Assistant Professor-ы Абай Абылайұлы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Роза Ақшалова және KIMEP University Құқық мектебінің Assistant Professor-ы Сергей Саяпин сайланды. Бөлімшенің хатшысы болып MNU Senior Lecturer-ы Саурық Әбірбек тағайындалды.

Айта кетейік, Қазақстан Халықаралық құқық қауымдастығының 69-шы мүшесі атанды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз