Maqsut Narikbayev University басшылығы Кремс қолданбалы ғылымдар университетінің Бақылау кеңесінің төрағасы Хайнц Бойермен кездесті. Тараптар ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады.
Келіссөздер академиялық өзара іс-қимылды дамытуға және жоғары оқу орындар арасындағы халықаралық байланыстарды кеңейтуге арналды. Академиялық ұтқырлық, қос диплом бағдарламаларын жүзеге асыру және оқытудағы үздік тәжірибелермен алмасу мәселелері қозғалды. Кездесу қорытындысы бойынша университеттер арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын бекітетін ынтымақтастық туралы келісімді дайындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Айта кетейік, Кремс қолданбалы ғылымдар университеті Аустрияның жас және танымал жоғары оқу орындарының бірі. Кремс-на-Дунае қаласында орналасқан университет 1994 жылы құрылған. Бүгінде жоғары оқу орны 25-тен астам білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда.




