MNU Logo
MNU студенттері ірі кейс-чемпионатта топ жарды - MNU

02.11.2025

MNU студенттері ірі кейс-чемпионатта топ жарды

Алматыда Maqsut Narikbayev University студенттері Spectrum Case Championship турнирінде жеңіске жетті. Олар Қазақстанның 47 университетінің өкілдері арасында үздік атанды.

Кейс-чемпионатты AIESEC ұйымының қолдауымен Mars және Mastercard ірі халықаралық компаниялары ұйымдастырды. Жоба жастарға стратегиялық ойлауды, командалық жұмыс дағдылары мен бизнес міндеттерін шешуде креативті тәсілдерді дамытуға бағытталған. Жарысқа қатысушылар Германиядан Қазақстанға тауарларды тасымалдаудың оңтайлы бағыты мен стратегиясын әзірледі.

MNU намысын Халықаралық экономика мектебінің студенттері Санжар Сатыбалдиев, Мұзафар Қаратай, Шынар Жасекенова, Олжас Кимелбаев және Әсет Тұрдыбеков қорғады. Олар «Truck-Ship-Train» жүйелілігін пайдалана отырып, Транскаспий Халықаралық Көлік Бағытын таңдауды ұсынды. Бұл бағыт шығындарды қысқартуға, жеткізу мерзімдерін оңтайландыруға, СO2 шығарындыларын азайтуға және сыртқы жеткізушілерден тәуелді болмауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, студенттер маусымдық жоспарлау мен порттарды әртараптандыруды қоса алғанда, транзиттің халықаралық регламенттерін пысықтап, жүкті сақтау шараларын ұсынып, тәуекелдерді азайту стратегиясын әзірледі.

Айта кетейік, бұған дейін MNU студенттері V Қаржылық қауіпсіздік бойынша Халықаралық олимпиадасының жүлдегері, AIFC Court Moot 2025 Халықаралық ойын сот процестері байқауының вице-чемпионы атанып, «Заңғар заңгер» республикалық зияткерлік байқауында жеңіске жеткен болатын.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз