Maqsut Narikbayev University студенттері VI Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиадасына қатысты. Олар ірі сайыстың жүлдегерлері атанды.
Олимпиада Красноярск қаласында (Ресей) өтті және 45-тен астам елден 700-ге жуық қатысушыны біріктірді. Студенттер экономикалық құқық бұзушылықтар, ақшаны жылыстату, терроризмді қаржыландыру және ақпараттық қауіпсіздікке байланысты бағыттар бойынша сайысқа түсті. Қазақстан құрамасын биыл MNU-да өткен Қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиаданың он жеңімпазы құрды.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан екі жеңіске және бес жүлделі нәтижеге қол жеткізді. «Құқықтану» бағытында MNU Құқық жоғары мектебінің студенті Тоғжан Ілиясова, ал «Экономика» бағытында MNU Халықаралық экономика мектебінің студенті Никита Пильцов жүлделі орындарды иеленді. Отандық құрама ҚР Қаржылық мониторингі агенттігінің қолдауымен өнер көрсетті.
Айта кетейік, өткен жылы MNU студенттері V Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиадасының вице-чемпионы атанды.
07.10.2026
MNU студенттері тағы бір мәрте Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиадасының жүлдегерлері атанды
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
28.10.2026
40-қа жуық француз тілі оқытушысы MNU-да біліктілігін арттыруда
Maqsut Narikbayev University-де француз тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша өңірлік курстар басталды. Оқыту Францияның Қазақстандағы...
27.10.2026
MNU Қытайлық шетелдік жоғары оқу орындарының реестріне енгізілді
Maqsut Narikbayev University халықаралық аренада өз тұғырын нығайтуда. Жоғары оқу орны Қытай академиялық алмасуларға қызмет...
26.10.2026
Жаңа рекорд: MNU-да Қазақстанның ең үлкен туы жайылды
Maqsut Narikbayev University (MNU) студенттері мен оқытушылары Қазақстанның ең үлкен туын жайды. Патриоттық іс-шара Республика...