MNU Халықаралық журналистика мектебінде PhD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қауымдастырылған профессоры, «Сана» бағдарламасының жүргізушісі Молдияр Ергебековтің қонақ дәрісі өтті. Студенттер журналистикадағы этикалық қағидалар мен ток-шоу жанрының ерекшеліктерін талқылап, теориялық ойларды практикалық пікірталаста қолданып, көзқарастарымен бөлісті. Мектеп «Медиакоммуникация және этика» пәнінің оқытушысы Қалима Тәжіқұлға алғыс білдірді. Өткен іс-шара туралы есеп 2025 жылғы 25 ақпанда жарияланды.
