MNU Logo
MNU-де QIC басқарма төрағасы Дидар Каримсаковтың ашық дәрісі өтті - MNU

18.04.2025

MNU-де QIC басқарма төрағасы Дидар Каримсаковтың ашық дәрісі өтті

Бүгін Maqsut Narikbayev University қабырғасында еліміздің инвестициялық секторы мен экономикасының дамуына елеулі үлес қосып жүрген беделді қаржыгер, Qazaqstan Investment Corporation (QIC) басқарма төрағасы, университет түлегі Дидар Каримсаков студенттерге арнап ашық дәріс өткізді.

Жоғары деңгейдегі басқарушылық тәжірибесімен бөліскен спикер дәріс барысында венчурлық қаржыландыру, инвестиция тарту, стартаптарды бағалау сияқты өзекті тақырыптарды көтеріп, білім алушыларға құнды кеңестер мен бағыт-бағдар берді.

Сонымен қатар, ол бизнес-идеяны инвестор алдында қалай сенімді және тартымды түрде ұсынуға болатыны жайлы практикалық мастер-класс ұйымдастырды.
 «Жобаның мәнін қысқа, нақты жеткізу, терең талдау және сенімділік инвестордың сенімін оятатын басты құралдар», – деп атап өтті Дидар Каримсаков.

Байқау: Үздік видео-питч
Кездесу соңында спикер студенттерге арналған ерекше байқау жариялады. Қатысушылар «Неліктен мен Қазақстанға инвестиция салуым тиіс?» тақырыбында 3 минуттық видеопитч дайындауы қажет.

Байқау шарттары:

  • – Видеоны Instagram парақшаңызда жариялау
  • – @endowment.mnu, @ise_mnu және @qic.kz аккаунттарын белгілеу

Жеңімпазды не күтіп тұр?

  • – QIC басқарма төрағасы Дидар Каримсаковпен бизнес-таңғы ас
  • – Жобасын кәсіби сарапшылармен талқылау мүмкіндігі
  • – QIC-де тағылымдамадан өтуге жолдама

Видеоны 2025 жылдың 30 сәуірі сағат 19:00-ге дейін жолдау қажет.

Бұл шара студенттерге теория мен практиканы ұштастырып, нақты инвестициялық тәжірибені меңгеруге үлкен мүмкіндік берді. MNU түлегі ретінде Дидар Каримсаковтың университетпен байланысын сақтауы – болашақ жас мамандар үшін шабыт пен сенімнің нақты көрінісі.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?
06.12.2025

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?

Бір апта бұрын Maqsut Narikbayev University студенттер қатарына ресми түрде қабылдау салтанатты рәсіміне бес мыңнан астам адам қатысты. Ендеше, университеттің басты мерекесінің қалай өткенін біздің фоторепортаждан біле аласыз. 27 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайы ерекше сәнге еніп, тартысқа толы аренаға айналды. Төрт жоғары мектеп чемпион атағы үшін жыл сайын өтетін дәстүрлі додада бақ сынасты. Кештің басты тақырыбы – «Arman Iesi. Think. Create. Lead» идеясы студенттерге кең ойлауға, жасампаз болуға және қарқынды дамып келе жатқан технологиялар дәуірінде көш бастауға жетелейтін үндеу болды. Студенттердің қойылымдары жасанды интеллекттің дамуы, болашақ мамандықтардың бейнесі және мәліметтер мен алгоритмдер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған замандағы адамның рөлі турасында өрбіді. MNU студенттер қатарына қабылдау дәстүрлері – айрықша дүние. Кешқұрым...

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады
05.12.2025

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады

Maqsut Narikbayev University-де MNU Bridge Hub сараптамалық алаңы іске қосылды. Мемлекеттік және жекеменшік орта мектеп...

Өзбекстан Елшісі MNU-да дәріс оқыды
05.12.2025

Өзбекстан Елшісі MNU-да дәріс оқыды

Maqsut Narikbayev University-де Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимов сөз сөйледі. Ол болашақ...

Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз