Maqsut Narikbayev University-де Халықаралық экономика мектебінің жыл сайынғы студенттік ғылыми конференциясы өтті. Қазақстан мен Өзбекстанның бес жоғары оқу орнының студенттері мен магистранттары өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды.
Конференция MNU, SDU University, Coventry University Kazakhstan, Ташкент мемлекеттік экономика университеті мен Ташкент халықаралық университетінен 50-ден астам қатысушыны біріктірді. Қатысушылар құрамының кеңеюі өңір университеттері арасындағы академиялық өзара іс-қимылды күшейтіп, конференцияның жаһандық ғылыми ынтымақтастыққа деген ашықтығын көрсетті. Іс-шара Экономикалық зерттеулер институтының қолдауымен ұйымдастырылды.
Жас ғалымдар өз зерттеулерін постерлік сессия форматында ұсынып, түрлі тақырыптарды қамтыды. Атап айтқанда, дамушы нарықтардағы валюталық тәуекелдерді хеджирлеу стратегиясындағы Қазақстанның тәжірибесі, нарықтық жүйелер мен экономикалық тиімділіктің салыстырмалы талдауы, отандық еңбек нарығындағы жұмыспен қамтуға автоматтандырудың әсері тақырыптары болды. Үздік жұмыстар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, конференция университеттің зерттеу ортасын нығайтуға, студенттерде сыни талдау дағдыларын қалыптастыруға және зерттеушілердің жаңа буының даярлауға ықпал етеді.





