СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА КОВОРКИНГ: MNU-ДА ЖАҢА АЛАҢ АШЫЛАДЫ - MNU

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА КОВОРКИНГ: MNU-ДА ЖАҢА АЛАҢ АШЫЛАДЫ

Post Image
16.08.2024

MNU-де студенттерге арналған Pesochnica атты жаңа коворкинг ашылады.

Ерте балалық шақта «құмсалғыш» қарым-қатынас орнату, достық және шығармашылық орны болып саналған. Балалар достар тауып, құм мұнараларын салатын. Құмсалғыш – әрбір өсіп келе жатқан баланың өмірінің ажырамас бөлігі. Ол (құмсалғыш) мүлдем бейтаныс, бірақ сонымен бірге көп қырлы әлемнің әлеуметтік өмірін танудың алғашқы сатысы ретінде қызмет етеді. Сондықтан MNU Student Success Center – университет студенттері жағымды жағдайда жұмыс істей алатын база – бастапқы әлеуметтенудің символы ретінде, бейресми, Рesochnica (құмсалғыш) атауына ие.

MNU Student Success Center-де студенттердің мақсаттары мен міндеттеріне байланысты келесі орындар болады:

  1. Топтық жұмыстарға арналған аймақ

«Құмсалғыштың» осы бөлігінде болашақ мамандар студенттік ұйымдардың жобаларына орай ұйымдастырылған кездесулер өткізеді. MNU-да жарқын студенттік өмір бар және бұл аймақ барлық ойластырылған идеяларды жүзеге асырудың тағы бір орны болмақ.

  1. Multi Zone Space 

MNU-ға қонақтар жиі келеді: Голливуд актерлерінің адвокаттарынан бастап тәуелсіз республикалардың Президенттеріне дейін. Multi Zone Space орта деңгейдегі шеберлік және қонақ дәрістерін өткізуге арналған көп мақсатты алаң ретінде қызмет етпек.

  1. Coworking Zone

Жеке академиялық мәселелерді шешуден басқа, коворкинг аймақтар өзін-өзі жетілдіруге және күтім көрсету үшін үлкен мүмкіндік береді.

  1. Үлкен аудиториялар

Үлкен аудиторияларға 80-ге жуық адам сыятын болады. Мұнда ауқымды деңгейдегі шеберлік дәрістер мен жиналыстар өткізуге болады.

  1. Орта көлемдегі кабинеттер

Трансформациялық жиһазы бар 30 адамға арналған екі кабинет – бұл жұмыс пен кәсіби кездесулер өткізу үшін тағы бір ерекше мүмкіндік.

  1. Open rooms және small кабинеттер

Тыныштық пен оқшауланған ортада жұмыс істеу үшін Pesochnica-да (құмсалғыш) шағын топтарға орын қарастырылған. Open rooms және small кабинеттер бірнеше адамдарды орналастыруды қарастырады.

Осылайша, MNU Student Success Center университеттің барлық мектептерінің (ҚЖМ, ХЭМ, ЖГМ және ХЖМ) студенттерін біріктіріп, барлығына бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, данышпан идеялардың дамуына серпін береді. Бұл идеялар өз кезегінде қазақстандық қоғамды жақсы жаққа өзгертетін жаңа парадигмалардың катализаторы болатыны сөзсіз.  Maqsut Narikbayev University өз шәкірттеріне сенімді және әрқашан олардың дамуы үшін ең жақсы және қолайлы жағдай жасайды.

MNU Student Success Center A. K. A (also known as) – Pesochnica-ның ресми ашылуы жақын арада болады. Соңғы оқиғалар туралы хабардар болу үшін бізді Instagram парақшамызда қадағалаңыз.