Студенттеріміздің «Қазақстан темір жолы» АҚ Басқарушы кеңесінің шәкіртақысының сайысында көрсете білген тамаша нәтижелерін хабарлауға қуаныштымыз! - MNU

Студенттеріміздің «Қазақстан темір жолы» АҚ Басқарушы кеңесінің шәкіртақысының сайысында көрсете білген тамаша нәтижелерін хабарлауға қуаныштымыз!

Post Image
10.09.2024

Қайсарлы да дарынды жас заңгерлеріміз жүлделі орындарға ие болды. Әнел Сапарғалиева -1 орын, Вилис Алиби – 2-орын, үшінші орынға ие болған азамат Л.Н. Гумилев атындағы еурозиялық ұлттық университетінің студенті. Конкурс MNU және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ құқықтану мамандығының 3-4 курс студенттері арасында өтті. Қатысушылар маңызды және өзекті тақырыптар бойынша ғылыми мақалалар дайындады: – «Құқықтық функцияларды цифрландыру: үздік әлемдік тәжірибе» – «Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамытудың құқықтық аспектілері». Жоба 17 маусымда іске қосылып, “ҚТЖ” Ұлттық компаниясы және Endowment MNU серіктестігінде жүзеге асырылды. Жеңімпаздарды құттықтай отыра, аталған сайыста белсенділік білдіріп, көрсеткен жоғары нәтижелеріне алғыс білдіреміз. Білім алушыларды қолдау оның ішінде дарындарды анықтау, оларды әрі қарай ынталандыру Endowment MNU қорының басты бағыттарының бірі екенін тағыда бір сызып жеткізудеміз. Жеңімпаздарымызға және барлық білім орда қауымымызға жаңа оқу жылында мол табыс және өлшемсіз жетістіктер тілейміз!