Құрметті студенттер! - MNU

Құрметті студенттер!

Post Image
09.09.2024

2024-2025 оқу жылының көктемгі семестріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасының конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.

Конкурсқа қатысуға кемінде 60 ECTS кредитін игерген бакалавриат білім алушылары, сондай-ақ магистратура, докторантура білім алушылары шақырылады.

Талаптар:

  • GPA деңгейі – 2.5 және жоғары, Erasmus+ — 3.0 және жоғары
  •  ағылшын тілі деңгейі – В2 деңгейінен төмен емес

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 4 қазан 2024 жыл

Өтінім мен құжаттарды Smart MNU мобильді қосымшасы арқылы тапсыру қажет, сондай-ақ барлық құжаттардың электрондық нұсқасын №213 кабинетке (USB флэш-дискісінде) ұсыну қажет.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • білім алушының нысан бойынша өтініші (жүктеу);
  • төлқұжаттың скан-көшірмесі;
  • ағымдағы оқу жылындағы үлгерім туралы транскрипт (орыс және ағылшын тілдерінде);
  • шет тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификат (IELTS, TOEFL, Cambridge English, Duolingo);
  • нысан бойынша толтырылған сауалнама (жүктеу);
  • академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шетелде білім алуға үміткердің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі (жүктеу);
  • қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі ұсыныс хаттар (бар болған жағдайда);
  • таңдалған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараға қатысқаны үшін иеленген грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
  • бар болған жағдайда үміткердің келесі санаттарға жататындығын растайтын құжаттардың көшірмелері: отбасы құрамы туралы құжат, студенттің көп балалы отбасынан екенін растайтын құжат; студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санаты үшін);  студенттің мүгедектігін растайтын құжат.

Сонымен қатар, серіктес жоғары оқу орындары мен курстар тізімімен алдын ала танысуды сұраймыз. Таңдалған курстар тізімінің оқу бағдарламасымен сәйкестігі жөнінде эдвайзермен келісу қажет.

Сұрақтар туындаған жағдайда Халықаралық Ынтымақтастық Бөлімімен электрондық пошта mobility@kazguu.kz, Instagram @mnu_international немесе № 213 кабинетке келу арқылы байланысуға болады.

Серіктес университеттердің тізімі ақпарат хабылдануына байланысты толықтырылады!

Erasmus + бағдарламасы бойынша серіктес университеттердің тізімі

ЖОО атауыБілім беру бағдарламасы / бағытыОрындар саныМемлекет
Саарланд Университеті (Saarland University), СаарбрюккенХалықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Құқықтану3Германия
Марбург Университеті (University of Marburg), МарбургІскерлік әкімшілендіру1Германия
Льеж университеті, (University of Liège), ЛьежХалықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Political Science)2Бельгия
Копенгаген Университеті (University of Copenhagen), Копенгаген Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика 3Дания

Өзін-өзі қаржыландыру бағдарламасы бойынша серіктес университеттердің тізімі

Корея Республикасы:

Вусонг Университеті (Woosong University), ТэджонІскерлік әкімшілендіру2
Солбридж Халықаралық бизнес мектебі, Вусонг Университеті (Woosong University), ТэджонІскерлік әкімшілендіру2

Дания:

Копенгаген Университеті (University of Copenhagen), КопенгагенХалықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Political Science), Іскерлік әкімшілендіру, Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика4

Чехия Республикасы:

Острава Университеті (University of Ostrava), ОстраваАударма ісі, Қолданбалы лингвистика, Экономика, Қаржы, Менеджмент10
Мендель Университеті (Mendel University), БрноІскерлік әкімшілендіру5
Метрополитен Университеті (Metropolitan University Prague), ПрагаХалықаралық қатынастар2

Франция:

Тулуза Университеті (Sciences Po Toulouse), ТулузаХалықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Political Science)3

Германия:

Киль Университеті (Kiel University), КильІскерлік әкімшілендіру4
Рейн-Вааль Университеті (Rhein Waal Hochschule), Клеве  Іскерлік әкімшілендіру, Халықаралық қатынастар4
Хоф Университеті (Hof university), ХофІскерлік әкімшілендіру2
Нордхаузен қолданбалы ғылымдар университеті (Nordhausen University of Applied Sciences), ТюрингияІскерлік әкімшілендіру10
Шмалькальден қолданбалы ғылымдар университеті (Schmalkalden University), ТюрингияІскерлік әкімшілендіру10

Латвия:

Туриба Университеті (Turiba University), Рига  Туризм, Қонақжайлылық, Іскерлік әкімшілендіру5

Литва:

Вильнюс Университеті (Vilnius University), ВильнюсХалықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Құқықтану5

Польша:

Ополе Университеті (University of Opole),ОполеПсихология3
WSB Университеті (WSB University), Домброва-ГурничаМенеджмент, Ақпараттық технологиялар саласындағы іскерлік әкімшілендіру, Халықаралық қатынастар5

Қытай:

Солтүстік-Батыс университеті (Northwest University), СианьЖурналистика2
Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Құқықтану2

Түркия:

Fenerbahçe University (Fenerbahçe Üniversitesi), СтамбулХалықаралық қатынастар2
Altinbas University (Altınbaş Üniversitesi), СтамбулХалықаралық қатынастар2

Грузия:

Кавказ Халықаралық Университеті (Caucasus International University), ТбилисиІскерлік әкімшілендіру2
Грузин қоғамдық істер институты (Georgian Institute of Public Affairs), ТбилисиХалықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Political Science) Журналистика, Маркетинг, Экономика, Психология2
Шота Руставели атындағы Батуми Мемлекеттік Университеті (Batumi Shota Rustaveli State University), БатумиХалықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Құқықтану, Туризм, Іскерлік әкімшілендіру, Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика5
Иване Джавахишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік университеті (Ivane Javakhishvili Tbilisi State University), ТбилисиПсихология, Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика2

Индонезия:

Пертамина Университеті (Pertamina university), ДжакартаХалықаралық қатынастар, Менеджмент, Экономика5
Аирланга Университеті (Airlangga University), СурабаяХалықаралық қатынастар (GPA 3.0)5

Бангладеш:

Даффодил халықаралық университеті (Daffodil International University), ДаккаІскерлік әкімшілендіру, Туризм, Қонақжайлылық (GPA 3.0)3

Өзбекстан:

Ташкент мемлекеттік заң университеті (Tashkent State University of Law), ТашкентХалықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Құқықтану5

Қырғызстан:

Бішкектегі ЕҚЫҰ академиясы (OSCE Academy in Bishkek), БішкекХалықаралық қатынастар, Экономика (GPA 3.0)1

Испания:

Университет Хаэн (University of Jaen), ХаэнІскерлік әкімшілендіру, Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика5

Венгрия:

Университет Дунауйваруш (University of Dunaújváros), ДунауйварошІскерлік әкімшілендіру1
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде

    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды адрес

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде бухгалтерлік білім бар ма

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз