MNU Logo
Төрелік өнері: MNU-да жас заңгерлер дауларды тиімді шешу стратегияларын талқылады - MNU

02.07.2025

Төрелік өнері: MNU-да жас заңгерлер дауларды тиімді шешу стратегияларын талқылады

Maqsut Narikbayev University-де төрелік іс қарау жүргізу тақырыбы бойынша жетекші заңгерлердің пікірталасы өтті. Жас заңгерлер халықаралық дауларды болдырмау және шешу стратегияларын талқылады.

Іс-шарада ADL Disputes заң фирмасының серіктесі Мұхит Елеуовтың «Мінез-құлық ғылымдары төрелікте заңгерге қалай көмектесе алады?» тақырыбында баяндама ұсынды. Ол төрелік стратегияларды құру, клиенттермен өзара іс-қимыл жасау және тиімді коммуникация құру кезінде мінез-құлық тәсілдерін қолданудың практикалық мысалдарымен бөлісті. Бағдарлама сондай-ақ ірі коммерциялық және инвестициялық төрелік істерді сүйемелдеуде тәжірибесі бар сарапшылардың панельдік пікірталасын қамтыды.

«Бұл барлық қатысушылар үшін Қазақстан мен Еуразиялық аймаққа ерекше назар аудара отырып, әлемнің барлық елдерінен келген жас төрешілер мен ұйымдастырушылардан тәжірибе жинақтау үшін құнды мүмкіндік. Біз MNU-ға ұсынылған платформа үшін, сондай-ақ ICCA мен Халықаралық төрелік орталығына қолдау көрсеткені үшін ризамыз. Жыл сайынғы төрелік апталығы (EAW25) аясында жетекші спикерлер Қазақстанда мен кең Еуразиялық контексте төрелік тәжірибені дамыту туралы пікірлерімен бөліседі», – деді Maqsut Narikbayev University Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Кристофер Кэмпбелл-Холт.

Пікірталасты ұйымдастырушы – Young ICCA 40 жасқа дейінгі заңгерлерге арналған төрелік саласындағы дүниежүзілік желілік ұйым. Іс-шараға Maqsut Narikbayev University, White & Case халықаралық заң фирмасы, Халықаралық төрелік орталығы және «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттары палатасы қолдау көрсетті.

Іс-шара білім алмасу, кәсіби байланыстарды нығайту және халықаралық төрелікте озық тәсілдерді ілгерілету үшін маңызды платформаға айналды. Бұл Қазақстан мен Еуразия өңірінде төрелік мәдениетті дамытуға деген жоғары қызығушылықты растайды, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар, бизнес және заң қоғамдастығы арасындағы диалогтың маңыздылығын көрсетеді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз