CILT Central Asia ұйымдастырған Next Generation 2025 жас логистер форумы 11 университеттен 100-ден астам қатысушыны, соның ішінде Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан студенттерін біріктірді.
Университетімізді Management бағдарламасының Supply Chain Management бағыты бойынша білім алып жүрген студенттер Алмахын Диляра, Биттер Андрей және Ізбасарова Мадина таныстырды. Форум барысында олар сала мамандарымен байланыс орнатып, кәсіби желісін кеңейтіп, ең бастысы, Қазақстанның жетекші логистикалық компанияларынан тағылымдамадан өту жөнінде ұсыныстар алды. Іс-шараның маңызды бөлімдерінің бірі серіктес компаниялар ұсынған нақты бизнес-міндеттерге негізделген кейс-чемпионат болды.
Екінші күні студенттер «Қазпошта» АҚ логистикалық нысандарына барып, еліміздің негізгі ұлттық кәсіпорындарының бірінде қойма операциялары мен ішкі логистиканың қалай ұйымдастырылатынын көрді.
Жас логистика мамандарының жаңа буыны үшін осындай құнды мүмкіндіктер жасағаны үшін @cilt_central_asia командасына шынайы алғыс білдіреміз.

